
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Күш - қазақ тілінде» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қоғамдық қолданыс аясын кеңейту, тілге деген құрметті қалыптастыру және қоғамдық бірлікті нығайту.
Іс-шараға тіл және мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам белсенділері, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында тіл саласының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық және қалалық ономастикалық комиссиялардың ғылыми сарапшысы Бердібек Нұралдаұлы Бияровқа «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты және облыстық мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылар арасында тіл тақырыбында танымдық сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.