«Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты салтанатты шара

«Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты салтанатты шара

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 10 тамыз күні Абай алаңында  қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына арналған «Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты салтанатты шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы ойшылдың шығармашылығы мен философиялық тағылымын дәріптеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтау және өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, білім мен еңбекке деген құрметті қалыптастыру.

Салтанатты шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталады. Шараға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара аясында «Әлем таныған – Ұлы Абай» атты кітап көрмесі, Абай афоризмдерінің фотокөрмесі және арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Байқауда үздік деп танылған қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.