2026 жылғы 3 шілде күні «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті

2026 жылғы 3 шілде күні «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы.

Байқауға мемлекеттік тілді жетік меңгерген және оны этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде шебер қолданатын түрлі этнос өкілдері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздіктер анықталды:

1-орын: Блинова Алёна Юрьевна — Сарыкөл ауданының «Барвин жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі.

2-орын: Яковенко Вера Александровна — «Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК қызметкері.

3-орын: Макеев Максим Сергеевич — Қарабалық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері.

Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!