«Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренингі

«Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренингі

2026 жылғы 26-27 маусымда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – тілдерді оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын қарастыру, оқыту тәжірибесіндегі жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және тіл мәдениетін жетілдіру.

Семинарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен сабақ беретін 50 тіл маманы қатысып отыр.

Семинарда тәжірибелі мамандар мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың әдіскері Айшат Абдрашитовна Ботабекова «Қазақшаға саяхат: тілді үйретудің креативті жолдары», Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент филиалының аға менеджерлері Анар Турсынбаевна Балтабекова «Үнсіз коммуникация: оқушыны сөзсіз түсіну өнері»,  Айжан Маркабаевна Кожымбетова «Қызығушылық детекторы» тақырыптарында тәжірибелік сессиялар өтуде және  қатысушылар үшін арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырылып, оны психолог, психотерапевт, ментор, «Zhanga daua» психологиялық орталығының негізін қалаушы, Қазақстан Психологтар Одағының мүшесі Зоя Шамшетқызы Пирниязова жүргізіп жатыр.

 Сондай-ақ,семинар бағдарламасында тіл дамыту дағдыларын меңгертуге арналған топтық және жеке белсенді сайыстар өтуде.

Екі күндік семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.