Қарағандыда «Digital KZ / HACK 09» аймақтық хакатонының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда «Digital KZ / HACK 09» аймақтық хакатонының жеңімпаздары анықталды

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен аймақтық хакатонда мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілін дамытуға бағытталған инновациялық идеялар қолдау тапты.

«Digital KZ / HACK 09»бағдарламасы аясында ІТ-мамандар, дизайнерлер, студенттер мен жас кәсіпкерлер бір алаңға жиналып, қазақ тілін дамытуға бағытталған заманауи технологиялық шешімдер ұсынды.
Қатысушылар жасанды интеллект, стартаптарды дамыту, жобалық менеджмент және цифрлық технологиялар бағытында білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Хакатонның қорытынды кезеңінде қатысушылар өз идеяларын қазылар алқасының алдында таныстырып, үздіктер топ жарды.Жүлделі І, ІІ, және ІІІ орын жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етілді.Жеңімпаздар ұсынған озық бастамаларды одан әрі жоба ретінде әзірлеу үшін қолдау көрсетіледі.

«Digital KZ / HACK 09» – қазақ тілінің цифрлық болашағына бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба жастардың инновациялық әлеуетін арттырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің жаңа технологиялар арқылы дамуына тың серпін береді.