Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті  ағымдағы жылғы 19 маусымда 2026 жылы жүргізілетін Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері туралы  семинар-кеңес өткізді. 

Семинар-кеңес жұмысына Тіл саясаты комитетінің, өнім беруші, зерттеу жүргізуге жауапты мекеме – «Deltaplan» ЖШС өкілдері, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне жауапты бөлім басшылары мен мамандары қатысып, пікір алмасты.    

Семинар-кеңес барысында әлеуметтанушы-зерттеуші Анар  Сатыбаева Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, халық арасындағы сауалнама әдістері туралы баяндады.

Жұмыс тобының басшысы Дамир Ысқақ әлеуметтанулық зерттеу аясында жүргізілетін сараптамалық сауалнама мәселесіне тоқталды.

Бұдан басқа, «Deltaplan» ЖШС өкілдері семинар-кеңес қатысушылары тарапынан жолданған сұрақтарға толық жауап беріп, респонденттер саны мен оларды іріктеу, индексті есептеу әдістемесі және т.б. мәселелерге қатысты кеңінен түсінік берді.