«Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өтті

«Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өтті

2026 жылғы 18 маусым күні Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің тіл мәселесіне жауапты мамандары, облыстық кітапханалар қызметкерлері және ғалымдар қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі адалдық қағидаттары түсіндіріліп, қазақша Уикипедияның мүмкіндіктері мен талаптары таныстырылды. Сонымен қатар, Уикипедияға тіркелу, энциклопедиялық мақала жазу, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және мақалаларды өңдеу бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Семинар спикері – Қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Сабиханов қатысушыларға мақала орналастырудың негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыру, Уикипедия қорын толықтыру және ақпараттық кеңістікте адалдық мәдениетін қалыптастыру.