«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2026 жылғы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына өтінім қабылдаудың жалғасатынын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді насихаттау, заманауи ақпараттық кеңістікте қазақтілді сапалы медиаконтентті дамыту.

Байқауға:

  • кәсіби журналистер;
  • телевизия және радио қызметкерлері;
  • газет және интернет-басылым өкілдері;
  • мемлекеттік тіл тақырыбында материал жариялаған журналист-мамандар қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • Үздік мақала;
  • Үздік теле-/радиобағдарлама.

Қатысушылардан мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, заманауи медиатехнологиялар, мультимедиалық storytelling, аналитикалық журналистика және инновациялық медиа шешімдер бағытында жарияланған қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылатын материалдар:

  • өзекті;
  • шынайы;
  • аналитикалық;
  • кәсіби;
  • қоғамдық маңызы жоғары болуы тиіс.

Сондай-ақ жұмыстарды бағалау кезінде:

  • мультимедиалық мүмкіндіктер;
  • дата-журналистика элементтері;
  • заманауи медиатәсілдер;
  • аудиторияға әсер ету деңгейі ескеріледі.

Өтінімдер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.

Байқау ережесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады

https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/971554?lang=kk

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

 

Қосымша ақпарат:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі,  Тіл саясаты комитеті

Байланыс телефондары:
(87172) 74-01-35
8-777-114-66-83.

Электронды пошта:
til.jane.baq@gmail.com