18 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практика орталығы «Абай институты» порталының таныстырылымын ұйымдастырады.
Білім беруге бағытталған ашық жобаның мақсаты - Қазақcтан мен шет елдердегі қазақ диаспорасы мен ирриденттерге қазақ тілін үйрету және ілгерілету, қазақ тілінде ашық білім беруді ұйымдастырып, Абайдың шығармашылығын, қазақ тілін, әдебиеті мен фольклорын, ұлттық мәдениетімізді насихаттау.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, шетелдердегі Қазақстан Республикасы Елшіліктерінің жауапты мамандары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері, Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ-та қазақ тілін оқытып жатқан кураторлар мен Бразилия, Франция, Германия, Өзбекстан, Моңғолияда тұратын қандастарымыз қатысады.
БАҚ өкілдері «Тіл-Қазына» орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тұсаукесер рәсімін тікелей эфирден тамашалай алады.
Өтетін уақыты: 18 қараша.
Басталуы: 16:00.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7а. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практика орталығының ғимараты.