
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Уикипедияға алғашқы қадам: тіркелу, өңдеу және мақала жазу» атты облыстық семинар өтті.
Cеминар барысында қатысушылар Wikipedia платформасында жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгерді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға тіркелу, мақалаларды өңдеу және жаңа мақала жазу бойынша практикалық білім беру.
Семинарға орталық қызметкерлері, филиал меңгерушілері мен мамандары қатысты.
Шара барысында басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Т. Оқас пен орталық басшысы Қ. Амантайұлы кіріспе сөз сөйлеп, қазақ тіліндегі Wikipedia контентін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Модератор А.Б. Шыңғысбаева қатысушыларға тіркелу, уики-код, визуалды редактор, мақала өңдеу және жазу талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Семинар практикалық жұмыстармен жалғасып, сұрақ-жауап форматында қорытындыланды. Қатысушылар алған білімдерін тәжірибеде қолданып, қазақ тіліндегі сапалы контентті дамытуға үлес қосады.