Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Жиында мемлекет пен қоғам дамуының өзекті мәселелері қаралып, елдің алдағы кезеңдегі басым бағыттары талқыланды.

        Құрылтай жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, өңір өкілдері, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша салалар бойынша ұсыныстар жинақталып, оларды іске асыру тетіктері айқындалды.

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Вице-президент лауазымын енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар елімізде Халық Кеңесі институты құрылып, ол Қазақстан Республикасының жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады. Аталған бастамалар мемлекеттік билік институттарының тиімділігін арттыруға, қоғамдық пікірді ескеруге және стратегиялық шешімдер қабылдау үдерісін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, Ұлттық Құрылтай аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің төрағалығымен «Білім және ғылым» секциясы жұмыс істеді. Секция барысында білім беру сапасын арттыру, ғылымды экономикалық даму үдерістеріне кіріктіру, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми жобаларды коммерциялау мәселелері талқыланды.