«Қазақша Уикипедия» жобасының таныстырылымы өтті

«Қазақша Уикипедия» жобасының таныстырылымы өтті

Астана қаласының № 81 Astana English Scholl халықаралық мектебінде «Қазақша Уикипедия» жобасының ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім аясында «AESУикиоқулық» нұсқаулық кітапшасының таныстырылымы және жоба үйлестірушілерімен кездесу өтті. Аталмыш шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілі қатысып, ақпараттық кеңістікте қазақ тілді контенттің үлесін арттыру, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мақсатында бастау алған жобаның маңыздылығына тоқталып, оқушыларға сәттілік тіледі.  

Бұл жоба оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға, ана тіліміздегі контентті көбейтуге және зерттеушілік дағдыларын нығайтуға бағытталған маңызды бастамаболды.