
Қарағанды облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық жыр байқауын Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
Байқауға облыстың 13 өңірінен 4 138 оқушы мен 2 000-нан астам ұстаз қатысты. Байқау екі кезең бойынша өтіп, 37 оқушы облыстық ақтық сында бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды иеленген Райана Әмірхановаға Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне білім гранты табысталып, ұстазына автокөлік және сертификат ұсынылды.
II орын иегері Инабат Сәрсенбекқызы мен ұстазы диплом және сертификатпен марапатталды.
III орынды иеленген Жанерке Өмірғалиева мен ұстазы да жүлдегер атанды.
Байқаудың арнайы жүлдесі Қарағанды қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Нұрсая Рзағалиға табысталды.