
Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсанда өткізілген «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиынның аясында Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешовті қабылдады.
Кездесу барысында Комитет төрағасы Е.Е. Тілешов өңірде мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ қоғамдағы рөлін арттыру және үйлесімді, тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев өз сөзінде қоғамдық қатынастың барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуына және оның бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталып, өңір жастарының білімге және заманауи дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысын қолдайтынын атап өтті.