Абай облысында «Тәрбие басы - тал бесік» атты республикалық форум өтті

Абай облысында «Тәрбие басы  - тал бесік» атты республикалық форум өтті

Абай облысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында мемлекеттік тілді дамытуға  қатысты берген тапсырмасы мен  «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Тәрбие басы – тал бесік» атты республикалық форум өтті.

Жергілікті атқарушы орган және зиялы қауым өкілдерінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылығы мен әдіскерлерінің басын қосқан форум жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тлешов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Р.Кенжеханұлы, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Ш. Жанаева, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының бас директоры М. Жұмабай, Цифрлық трансформация орталығының басшысы А. Серікжанова қатысып, «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі болып, балабақша табалдырығын аттаған балдырғаннан бастап, мектеп қабырғасындағы бүлдіршіннің тіл тазалығын, цифрлы кеңістікте қазақ тілін дамытуға бағытталған тұшымды ойларын айтып, бүгінде атқарылып жатқан жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның екінші кезеңінде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары А. Жайсанбаева, Э. Мамырбаева қазақ тілі мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект құралдарын қолдану» және «Аутенттік материалдар арқылы оқушының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту»тақырыптарында шеберлік сағатын көрсетті.

Сонымен қатар Шәкәрім университетінің «Тарих және археология» ғылыми орталығы әзірлеген «Абай облысының тарихи топонимдері» атты ғылыми жобаның таныстырылымы өтті.