«Терминография: теория, практика және даму бағыттары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

«Терминография: теория, практика және даму бағыттары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

Конференцияны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырады.
Конференция уақыты: 2025 жылғы 14 қараша, сағ. 10.00-12.20. Мекенжайы: Астана қаласы, Сауран көшесі, 7а.

Конференцияның мақсаты – терминографиялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік аспектілерін талқылау, терминологиялық деректер қорын цифрландыру тетіктерін жетілдіру және ұлттық терминқорды дамыту жолдарын айқындау.

Конференцияға терминологияның заманауи өзекті мәселелерімен және терминографияда заманауи ІТ-технологияларды, нейрондық жүйелерді қолдану әдістерімен айналысып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас терминолог-ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, баяндама жасайды.
Конференция қорытындысында Қарар қабылданып, материалдары электрондық жинақ түрінде жарияланатын болады.