«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Ұлттық диктант» өткізді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Ұлттық диктант» өткізді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 500-ден астам қызметкері жалпы республикалық «Ұлттық диктант» жобасын қолдады.
«Ұлттық диктант» – азаматтардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға, жазу сауаттылығын, дағдысын жетілдіруге, тілдік мәдениетті дамытуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық, заманауи жоба болып табылады.

Орталық аппаратта басталған шараның ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы Жакенов Т.Ж., Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының атқарушы директоры А. Сайлаухан, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, алдағы аптада Компанияның өңірлердегі филиалдары мен кәсіпорындарынан 2000-дай қызметкер диктантқа қатысатын болады.