Тіл оқыту мәселесіне арналған жиын өтті

Тіл оқыту мәселесіне арналған жиын өтті

2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында ҚР Оқу-ағарту министрілігінде еліміздегі тіл саясатының басым бағыттары мен өзекті мәселелері бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тілешов сөз сөйледі. Спикер баяндамасында қазіргі таңда тілдерді қолдану мен дамыту бағытындағы халықаралық тәжірибеге, оның коммуникация құралы ретінде атқаратын маңызды рөліне тоқталды. Сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында тілдерді оқыту әдістемесі жөнінде жан-жақты баяндады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы                     Қ.Б. Жұмашев өз сөзінде Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. Мектептерде тіл оқыту әдістемесіне қатысты ойымен бөлісті.

Жиын соңында қатысушылар назарына өскелең ұрпақ өкілдері ұлағатты ұстаздардың еңбектерінен үзінділер оқыды.