Қарағандыда «Уикипедияға мақала енгізудің алғышарттары» тақырыбында оқыту семинары өтті

Қарағандыда  «Уикипедияға мақала енгізудің алғышарттары» тақырыбында оқыту семинары өтті

Қарағандыда «Уикипедияға мақала енгізудің алғышарттары» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Аталмыш семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Уикипедия – әлемдік портал, ал бүгінгі мақсат – қазақ тілді Уикипедияны дамыту.
Әлем бойынша қолжетімді энциклопедияны Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласы бойынша толықтыруды көздеген оқыту семинарына Қарағанды қаласындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Оқыту семинары нақты тәжірибе негізінде жүргізілді.
«Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі контентпен толықтыру негіздері» тақырыбында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Тіл саясатын іске асыру басқармасының басшысы Қайыржан Алдашұлы Рақымжанов түсіндірді.

«Уикипедияда өңдеу жасау қағидалары» бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы, Уикипедия ашық онлайн энциклопедиясының әкімшісі Қайыр Қайыргелдіұлы Рысбаев нақтылап берді.

Оқыту семинары барысында қатысушылар Уикипедияға мақала енгізу бойынша тәжірибелік тренингке қатысып, өзара пікір алмасты.

Қарағандылық ЖОО оқытушылары осы семинардан кейін Уикипедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдар және мәліметтермен толықтыруға атсалыспақ.