Батыс Қазақстан обылсында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтуде

Батыс Қазақстан обылсында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтуде

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысына шектес орналасқан Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспора өкілдерімен мәдени байланысты нығайту мақсатында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтуде.

Фестивальдің басты мақсаты – Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен тығыз мәдени және әлеуметтік байланыстар орнату, ұлттық бірегейлікті сақтау, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік көмек көрсету.

Аталмыш шараның ашылу салтанаты 2025 жылдың 17 қыркүйек күні «Атамекен» өнер ордасында өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысушыларды құттықтап, фестиваль жұмысына сәттілік тіледі.

Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысына шектес Саратов, Самара, Волгоград, Астрахан, Орынбор облыстарындағы қазақ диаспорасының өкілдері және жергілікті өлкетанушылар, ЖОО ректорлары, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары қатысты.

Шарада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар қандастарымызға БҚО әкімінің алғыс хаты табысталды.

Фестиваль аясында қатысушыларға облыс аумағындағы тарихи-мәдени нысандарға саяхаттар, қазақ тілін оқыту сабақтары, ұлттық музыка аспаптарда ойнауды үйрету бойынша шеберлік сабақтар, түрлі тақырыпта семинарлар мен танымдық дәрістер ұйымдастырылады.