Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2021 жылы орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2021 жылы орындалуы туралы ақпарат

Р/с №

Атауы

Өлшем

бірлігі

Ақпарат көзі

Жауап ты орын даушы лар

Орындалуы

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның

коды

Орындалуы

База

лық бастап

қы мәні

Жоспар

(2021)

Факт

(2021)

                     

 

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

 

1. Латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту

 

Нысаналы индикатор:

 

Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазба коммуникация қатысушыларының үлесі

%

 

 

   БҒМ

ЖАО

-

-

-

-

-

 

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады.

 

 

Нәтижелі көрсеткіштер:

 

Латынграфикалы әліпби негізінде шығарылған сөздіктер мен анықтағыш-тардың, қолжазбалардың саны (өсу қорытындысымен)

бірлік

 

 

 

 

БҒМ

5

8

0

-

-

 

Іс-шаралар

1.

 

Латын графикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сондай-ақ сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды,  практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдар басып шығару және тарату

млн.тг.

сөздіктер, анықтамалықтар

 

БҒМ, Тіл білімі институты (келісу бойынша)

50.0

0

0

РБ

230

100

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері  жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады.

2.

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі орфографиясының қағидаларын бекіту

 

ҚР Үкіметінің қаулысы

БҒМ, МО,

Тіл білімі институты (келісу бойынша)

-

-

-

-

-

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері  жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілетін болады.  

3.

Қазақ тілінің латын графикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұлттық компаниялардың  және басқа да ұйымдардың бланкілерін, маңдайшаларын, хабарландыруларын, жарнамаларын, прейскуранттарын, баға көрсеткіштерін, басқа да көрнекі ақпараттарын қазақ тілінің латынграфикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету

 

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ,

мүдделі МО, ЖАО,

ҰК,

ҮЕҰ

-

-

-

-

-

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері  жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады.

 

 

 

 

 

 

4.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына көрнекі ақпарат мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

заңға өзгеріс енгізу

БҒМ

-

-

-

-

-

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

5.

Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізудің ғылыми - ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыруға қатысты іс-шаралар өткізу

млн.тг.

Семи

нар, кеңес, конфе

ренция

БҒМ

-

-

-

РБ

230

100

2021 жылғы 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Әліпби. Емле. Тіл реформасы» тақырыбында республикалық онлайн семинар-кеңес өтті.

2021 жылғы 1 қазанда «Кірме сөздердің,  ономастикалық атаулардың латын графикасында игерілуі: талқы және тәжірибе» атты халықаралық онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды. Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстарын қоғамға кеңінен жеткізу, насихаттау бағытындағы ақпараттық жұмыстар тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі кешенді медиажоспарға сәйкес атқарылды.

6.

«Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша, оның ішінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша  қызметін қамтамасыз ету

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ, «Тіл-Қазына» орталығы

-

-

-

РБ

230

100

2021 жылы Орфографиялық жұмыс тобының 4 отырысы (онлайн режимде) өтті. Аталған отырыстарда емле ережесін жетілдіру, кірме сөздердің игерілуі, терминдердің, ономастикалық атаулардың жазылуы, ықшамдап жазу нормасын қалыптастыру мәселелері қаралды.

 

Міндет. 1.2. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау

 

Нәтижелер көрсеткіші

 

Қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

5

15

15

-

-

ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2021 жылы 4 отырысы өткізіліп, нәтижесінде 2902 термин бекітілді. 15%-тен асырылды (жалпы бекітілген терминологиялық қор 27000 бірлікті құрады).

 

Іс-шаралар

8

Терминалогия және ономастика жөніндегі республикалық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

МСМ

-

-

-

РБ

230

100

ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, жасанды интеллект, әскери іс, әдебиет, лингвистика, бұқаралық ақпарат құралдары, индустрия, сәулет өнері, құрылыс  және т.б. салалар  бойынша алдын ала линвистикалық сараптамадан өткізілген терминдер қаралып, 2902 термин бекітілді.

Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ономастикалық атауларды реттеу мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды, тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Әкімдіктердің ұсыныстары негізінде ү.ж. ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының онлайн режимінде 8 отырысы өткізіліп орталық және жергілікті атқарушы органдардың 1141 ұсынысы қаралды. Оның ішінде 256 объект, 1 аудан, 884 құрамдас бөліктер (көше, даңғыл) қаралып, Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде бірқатар ұсыныстарға оң қорытынды берілді.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 453 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 Қаулысымен Ономастика мәселелері бойынша комиссия бұл тармақтан алынды.

9.

Терминдер мен атауларға лингвистикалық сараптама жүргізу және ұлттық терминалогиялық жүйедегі интертерминдерді біріздендіру

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

МСМ

-

-

-

РБ

230

100

Жылдың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының отырысында қаралған 3 мыңнан аса терминге, сондай-ақ жекелеген сөздерге, атауларға лингвистикалық сараптама жүргізілді.   

10.

Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу

млн.тг.

семинар

 

БҒМ

 

-

-

-

РБ

230

100

Терминология саласын одан әрі дамыту, саладағы қордаланған мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу мақсатында       2021 жылғы 23 маусымда Терминологиялық база: тәжірибе және технология»,                          2021 жылғы  27 қыркүйекте «Терминдерді біріздендіру: лингвистикалық және заңнамалық негізі» тақырыптарында  республикалық әдістемелік семинарлар және 2021 жылғы 15 қазанда «Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция онлайн форматта өткізілді.

 

Міндет. 1.3. Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау

 

Нәтижелі көрсеткіш

 

Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

 МСМ

ЖАО

-

14

14

-

-

Бүгінгі таңда еліміздегі ономастикалық жұмыстар ономастикалық атауларды реттеу мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы ретте жергілікті әкімдіктер аталған тапсырмаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ елді мекендер мен құрамдас бөліктерді атау және оларды қайта атау кезінде ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріле отырып, жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарламаны белгіленген   көрсеткішке (2021 жылға қарай – 14 %) қол жеткізілді.

 

                                                                                                                    Іс-шаралар        

11.

Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру

млн.тг

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ

-

-

-

РБ

 

 

049

 

 

Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелеу іс-шарасын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу процесі арқылы өнім беруші «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі ЖШС анықталып, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа екі жақты қол қойылды.

Өнім беруші тарапынан шартқа сәйкес                  2021 жылдың қазан-желтоқсан айларында еліміздің екі өңірі (Ақмола мен Жамбыл облыстары) бойынша елді мекендер                                      мен физика-географиялық объектілердің атауларына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жоба аясында Ақмола мен Жамбыл областыраның елді мекендері мен  физика-географиялық объектілерінің атаулары талданып, кестелі сөздік ұсынылды.

Сондай-ақ байырғы атауларды қайтарудың диахрониялық талдауы және негіздемесі әзірленді. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аталған облыстар бойынша өзгертілген атаулар тізімі негіздемесімен қоса беріліп жасалды. Ресей Федерациясының Омбы қаласына іссапармен жоба мүшесі арнайы барып, Ақмола облысы бойынша бірқатар географиялық атаулары табылды. Сонымен бірге карталар каталогында Ақмола және Жамбыл облыстарының  ескі топографиялық  карталары берілген. Басылымда аталған облыстардың Омбы облыстық тарихи архивінің қорынан алынған қоныс аудару және қосалқы учаскелер карталары мен қазақтардың ауылдық жерлерді пайдаланудағы табиғи-тарихи аудандары мен алаңдарының карталары топтастырылған. Өнім беруші Жобаның техникалық ерекшелігіне сәйкес толық орындады.

12.

Латын графикасында  Қазақстан азаматтарының тегі мен есімдерін дұрыс жазу жөніндегі іс-шаралар өткізу

млн. тг

Акциялар,флешмобтар, семинарлар және т.б

ЖАО, ҰК

-

-

-

ЖБ

 

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады.

13.

Ономастика мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

млн. тг

конференция, конкурс, семинар

МСМ

-

-

-

РБ

049

Аталған тармақты орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылы 29 қазанда Жамбыл облысы Тараз қаласында «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты аумақтық семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара барысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ өңірлердегі ахуал талқыланды.

Сонымен қатар семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар қаралды.

Сондай-ақ 2021 жылғы 26 қарашада Павлодар қаласында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» республикалық байқауы өткізілді.

14.

Латын графикалы әліпби негізіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық объектілер және олардың құрамдас бөліктері атауларының стандартын әзірлеу және бекіту

 

млн. тг

стандарт

МСМ

 

-

-

-

РБ

049

Латын графикалы әліпби негізіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы географиялық объектілер және олардың құрамдас бөліктері атауларының стандартын әзірлеу және бекіту жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу процесі арқылы өнім беруші ИП Мукажанов Т.Т  анықталып (9 148 900 тг.), мемлекеттік сатып алу туралы шартқа екі жақты қол қойылды. Өнім беруші 2021 жылдың қазан-желтоқсан айларында облыстағы физика-географиялық атауларды стандарттаудың және бірізділендіру бойынша физика-географиялық объектілердің атауларына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Латын қарпі негізінде бірізділендірілетін физика-географиялық объект атауларының тізімі қалыптастырылды. Жоба аясында  Өнім беруші тарапынан Халықаралық деңгейде басқа тілдерге физика-географиялық объекті атауларын конверсиялаудың тиімді әдістерін айқындау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өнім беруші тарапынан жобаны іске асыру барысында ТМД және шет елдердің мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында Әзербайжан мен Мәскеу қаласына іссапар ұйымдастырылды.                    ТМД және шетел тәжірибесімен алмасу, мәліметтерін жинақтау барысында халықаралық деңгейде басқа тілдерге физика-географиялық нысан атауларын конверсиялаудың тиімді әдістері ретінде транслитерация, транскрипция және аударма танылды.

Физикалық-географиялық объектілердің атауларын стандарттауда әр елдің проблемаларын салыстырып көрсету мақсатында Өнім беруші тарапынан Германия, Финляндия, Венгрия, Украина елдерінің стандарт мәселелері салыстырылып келтірілген. Сондай-ақ жобаны іске асыратын физика-географиялық объектілердің атауларын стандарттау, оларды бірізділендіру бойынша жоба Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынылды.

 

Міндет. 1.4. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасын іске асыру

 

Нәтижелер көрсеткіші

 

«Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасының көлемі (өсу қорытындысымен)

 

 

 

млн. сөз қолданысы

ҰЭМ-ге ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БҒМ, БҒМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 

 

 

 

 

 

 

15 

 

 

 

-

 

 

 

-

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ақпаратына сәйкес «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» базасының көлемі – 30 миллион сөзқолданысты құрайды. Оның ішінде 14 млн. сөзқолданысқа 16-21 параметрлік метабелгіленім жасалған. Жинақталған мәтіндер қазақ тілінің 5 стилінен де алынған. Аталған Институт жасаған тіл корпусы  qzcorpus.kz  сайтына орналастырылған. http://qzcorpus.kz/

2021 жылы qazcorpora.kz сайты іске қосылып, онда публицистикалық мәтіндердің метабелгіленім жасалған                     2 млн. сөзқолднанысы орналастырылған.

Бүгінгі таңда Алматы қазақ тілі корпусы да Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыруға қомақты үлес қосып отыр. Бұл корпустың толық нұсқасы http://web-corpora.net/KazakhCorpus/search/?interface_language=kz сайтында орналастырылған. Аталған корпустың көлемі 40 млн. сөзқолданыстан асады. Корпус мәтіндері автоматты морфологиялық талдағыш көмегімен белгіленген және ондағы  86% сөзформаларына грамматикалық талдау жасалынған.

 

Іс-шаралар

15.

Қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу

 

 

 

млн. тг

ашық инновациялық-ақпараттық жүйе құру

БҒМ, «Тіл-Қазына» орталығы

-

-

-

 

РБ

 

230

100

Есептік кезеңде Қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 млн. сөзқолданысына метабелгіленім (талдау) жасалды.  Дереккөздер ретінде танымал республикалық газет-журналдар («Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» сияқты республикалық мерзімді баспа өнімдері) пайдаланылды.

Арнайы «Qazcorpora» сайты ашылып, анықтамалық-ақпараттық жүйе іске қосылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылдан бастап «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында іске асырылады.

16.

Елдің мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және дәріптеу жөніндегі               іс-шаралар қамтамасыз ету

млн.тг.

баспа өнімдері

МСМ

-

-

-

РБ

033

(108), (128)

Баспа ісі басқармасы үйлестіретін 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламаның 108 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы аясында 160 аталым әдебиет жалпы таралымы 480 мың данамен басылып шығып, республика, облыстық мемлекеттік  кітапханаларға таратылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1-тоқсанына дейін аталған әдебиеттердің электорондық нұсқасы (PDF) Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана жанындағы Қазақ Ұлттық электронды кітапхана  (ҚазҰЭК) базасына жүктелетін болады.

 

2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту

 

Нысаналы индикаторлар:

 

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

90,5

 

 

 

 

 

91

 

 

 

 

 

91

-

-

2021 жылы елімізде тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу)  жүргізілді.

Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «ЭКСИМОП» ЖШС жүргізді.

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 91 % мемлекеттік тілді меңгергені анықталды.

 

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі

%

МСМ-ге ақпарат

АҚДМ

74

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    75

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

81

-

-

2021 жылдың нәтижесінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 81% көлемінде.

Оның ішінде: ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАР – 76,52 %: «Qazaqstan» – 99,17 %; «Qazsport» – 57,90 %; «Balapan»  – 100 %; «Хабар» – 65%; «Хабар 24»  – 53,04%; «Еl arna» – 69,66%; «Abai TV» – 72,76 %. «Qazaq TV» (көрерменнің таңдау еркіне орай 5 тілде хабар таратады) - 70,5 %. «Qazaq radiosy» - 95,75 %; «Shalqar radiosy» - 100 %; «Astana radiosy» – 74,49 %; «Classic radiosy» – 60 %;

Баспа басылымдар - 100 %:

Интернет-ресурстар – 67,38%. Оның ішінде: «Қазақпарат» ХАА» АҚ– 67,38 %, Inform.kz – 42,16 %, baq.kz – 100 %, strategy2050.kz – 42%, el.kz – 72 %, e-history.kz – 62,1 %, adebiportal.kz – 81,69 %, kaztube.kz – 71,7%.

*Басқа тілдерде таратылатын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары: «Казахстанская правда», «Дружные ребята» газеттері, «Мысль» журналы, baigenews.kz сайты (орыс тілдерінде), «Уйгур авази» газеті – ұйғыр тілінде.

 

Міндет. 2.1. Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

52,5

 

 

 

55,7

 

 

 

55,7

-

-

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 55,7 % қазақ тілін кәсіби меңгерген, 22,5%-і еркін сөйлейді, оқиды, жаза алмайды, 5%-і түсінеді және түсіндіре алады, сөйлей, жаза алмайды, 7,8 %-і жақсы түсінеді, сөйлемейді, 8%-і кейбір сөздерді түсінетіндігі де анықталды.

 

Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны

бірлік

МСМ-ге ақпарат

БҒМ

500

500

712

-

-

«2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шiлдедегі № 316 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылына қазақ тілінің мамандарын даярлауға 712  білім беру гранты бөлінді, оның ішінде:

бакалавриат – 555,

магистратура – 120,

докторантура – 37.        

Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған экономика салалары үшін кадрларға қажеттіліктің ортамерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады.

Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде ҚР негізгі мемлекеттік бағдарламаларындағы көрсеткіштер, экономика салаларының негізгі үрдістері,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар көрсеткен қажеттілік есепке алынады.   

 

Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінде оқытпайтын мектеп түлектерінің үлесі

%

МСМ-ге ақпарат

БҒМ

30

35

47

-

-

Ұлттық білім беру дерекқорының (НОБД) мәліметі бойынша 2020-2021 оқу жылында мектеп бітірген түлектердің жалпы саны 149 301 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 104 475, орыс тілінде оқытатын сыныптарда 39027, өзбек тілінде оқытатын сыныптарда 4719, ұйғыр тілінде оқытатын сыныптарда 798, тәжік тілінде оқытатын сыныптарда 282 оқушы білім алған.

А - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер түлектерінің үлесі;

Х - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінде оқытпайтын мектептер түлектерінің саны - 15689 адам.

V- тестілеуден өткен мектеп түлектерінің жалпы саны (39027+4719+798+282=44826 адам).

А=X/V*100 =21090/44826*100 = 47 %.

 

Іс-шаралар

17.

Мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған онлайн іс-шаралар

млн. тг

семинар-тренинг

 

 

 

БҒМ

-

-

-

 

 

 

РБ

 

230

100

2021 жылғы 16 сәуірде және 2 маусымда «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында онлайн режімде әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.

Семинарға өңірлік Тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, облыстық, қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары мен әдіскерлері  қатысты.

ЖОО

-

-

-

ЖБ

 

18.

Ересек тұрғындар арасында жаңа әліпби мен емле ережесін меңгерту мақсатында семинарлар, курстар ұйымдастыру

млн.тг.

курстар,семинарлар

БҒМ, мүдделі МО, ЖАО,

ҰК

-

-

-

РБ

230

100

Мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасы, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері  жобасы тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін аталған бағыттағы жұмыстар қайта қаралатын болады.

 

19.

Барлық адамдарға қазақ тілін үйрену үшін мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім беру деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру

млн. тг

МСМ-ге ақпарат

ЖАО, мүдделі МО,

ҰК,

ҮЕҰ

-

-

-

ЖБ

-

Республика бойынша 2021 жылы   мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының саны (филиалдарымен қоса алғанда) – 108.

Жергілікті атқарушы органдар бойынша 35026 адам оқыды, оның ішінде: Қостанай  – 6760; Түркістан – 4819; Алматы обл. – 4097; Жамбыл –3362; Қарағанды – 2482; Ақмола – 3124; ШҚО – 2337; СҚО – 2260; Ақтөбе – 1800;Нұр-Сұлтан – 1500; Қызылорда – 1014; Шымкент – 781;   БҚО – 690; Алматы қ. – 0; Атырау – 0; Маңғыстау – 0; Павлодар – 0;

Орталық атқарушы органдарда 5759 адам оқыды, оның ішінде:

ҚР Ішкі істер министрлігі – 4472;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 541;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 391;

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі – 171;

ҚР Бас прокуратурасы – 115;

ҚР Сауда және интеграция министрлігі – 47;

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – 15;

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі – 7;

Ұлттық компанияларда 2710 адам оқыды, оның ішінде:

«Қазақтелеком» АҚ – 2399;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – 12;

«Қазпошта» АҚ – 67;

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50;

«ҚазТрансОйл» АҚ – 73;

«Тау-кен Самрұқ» АҚ – 13;

«Азық-түлік, келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ – 13;

ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық банкі – 83;

«Қазақтелеком» АҚ – 2399;

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – 12;

«Қазпошта» АҚ – 67;

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50;

«ҚазТрансОйл» АҚ – 73;

Этномәдени бірлестіктерде 7749 адам:

Жамбыл – 2939, Ақмола – 1272; ШҚО – 1165; Түркістан – 953; Қарағанды – 268;  БҚО – 184; Қостанай – 181; СҚО – 133; Шымкент – 122; Ақтөбе – 120; Атырау – 110; Павлодар – 95; Маңғыстау – 70; Нұр-Сұлтан – 63; Қызылорда – 50; Алматы обл. – 24; Алматы қ. – 0;

«Abai.institute» порталы арқылы 93 адам.

2021 жылы республика аумағында барлығы 51337 адам қазақ тілін тегін оқыды.

20.

Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшіруді ескере отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогика кадрлар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру

млн.тг.

курстар

БҒМ, ЖАО

-

-

-

РБ

230

100

«Білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесін бекіту туралы» 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 183 ҚР Білім және ғылым министрі бұйрығының күшін жою туралы» 2020 жылғы 26 қазандағы № 462 бұйрық негізінде жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары уақытша тоқтатылды.

21.

Тілдік біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (ресми хат, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер)

млн. тг.

МСМ-ге ақпарат

БП (келісу бойынша),

ҚОА            (келісу бойынша)

-

-

-

-

-

Академия 2021 жылғы 11-15 қазан аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлеріне арналған «Дағдарыстық жағдайларды басқару» атты біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына алғаш рет тілдік біліктілікті арттыру дәрістерін енгізді. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне «Шешендік өнер, көпшілік алдында сөйлеу» тақырыптарында арнайы дәрістерін ұсынды. Қызметкерлер курс барысында осындай дәрістердің қажеттілігін атап көрсетті. Сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес жыл бойы өткізілетін прокуратура органдарының жас қызметкерлерін кәсіби даярлау онлайн курстарында «Тиімді байланыс», «Аудитория алдында практикалық сөйлеу дағдыларын дамыту», «Халықпен ашық сындарлы диалог жүргізудің жаңа қағидаттары», «Жанжалдар және оларды шешу жолдары» тақырыптарында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді.

МҚІА (келісу бойынша),

МБА            (келісу бойынша)

-

-

-

-

-

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) 2021 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында «Ресми мәтін және жазылым дағдалары» тақырыбында – 458, «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау», «Сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу», «Тиімді коммуникация» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларында – 1447, сонымен қатар Академияның өңірлік филиалдарының қайта даярлау курстарында – 3344, біліктілікті арттыру семинарларында – 18 759, барлығы – 24 008 мемлекеттік қызметші әртүрлі көлемді ресми-іскерлік мәтін құрастыру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын игерді.

22.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

-

-

-

РБ

001

103

2021 жылы ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу)  жүргізілді.

Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «ЭКСИМОП» ЖШС жүргізді.

Зерттеу еліміздің 14 облысында және Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында а.ж. 20 қыркүйегінен басталды және оған респондент ретінде Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары 2000 азаматы, бұқаралық ақпарат құралдарының 700 өкілі және мектептер мен колледждердің 12-17 жас аралығындағы 500 білім алушысы қатысты.

 

 Міндет. 2.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

«Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесі

 

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

35.5

36

 

31,3

 

-

-

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 18910 адамға «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізді.

Тестілеуге қатысқан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің саны – 4973 адам. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижесі бойынша 1557 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (31,3%) мемлекеттік тілді орта (В1) деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.

COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты республика көлемінде төтенше жағдайлардың болуына орай, қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылды. Осыған байланысты тестілеу жұмыстарын толық ұйымдастырып өткізу және бағдарламада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады.

 

Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

20%

25,0

 

14,6

 

 

 

«Қазтест» жүйесі арқылы 10352 мемлекеттік қызметші диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті.

Тестілеу нәтижесі бойынша 1512 мемлекеттік қызметші (14,6%) мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) деңгейде меңгергендерін көрсетті.

COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты өңірлерде жоспарланған мемлекеттік қызметшілердің барлығы тестілеуден өтпеді.

 

Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік  қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлесі

 

 

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

  БҒМ

9%

12,0

1,5%

-

-

«Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуден 15325 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. 

Тестілеу нәтижесі бойынша 224 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері (1,5%) мемлекеттік тілді жоғары (С1) деңгейде меңгергендерін көрсетті.

COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты республика көлемінде төтенше жағдайлардың болуына орай, қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылды.

Осыған байланысты тестілеу жұмыстарын толық ұйымдастырып өткізу және бағдарламада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады.

 

Іс-шаралар

23.

«Қазтест» бағдарламасының негізінде тіл білу деңгейін бақылау жүйесін қамтамасыз ету

млн. тг

МСМ-ге ақпарат

 

БҒМ

-

-

-

РБ

204

108

2021 жылғы 27 маусым мен 9 қараша аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау сынақтары мен тестілеу емтихандары өткізілді. Тест ҚР азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға, бағалауға бағытталған.

Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға тестілеуді өткізу үшін өтініш хаттар жолданып, ақпарат жинақталды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өткен Президенттік жастар кадр резерві үміткерлерінің саны 1585 адамды, жалпы тестілеуге қатысушылар саны
14 000 адамды құрады. 2021 жылғы 9 қарашада ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курс онлайн режимде ұйымдастырылды (2021 жылғы 5 қарашадағы ҚР БҒМ ҰТО-ның № 476-НҚ бұйрығы). Тыңдаушылар саны – 65 адам. Курс соңында тыңдаушыларға электронды сертификат берілді.

24.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізу

 

МСМ-ге ақпарат

 

МҚІА, БҒМ

-

-

-

-

-

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді «Қазтест» жүйесінің стандарттарына сәйкес тестілеуден өткізу мәселесін қарастыруда.

Сонымен қатар, Агенттік Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейіне талаптар белгілеу мәселесі жөнінде тиісті ұсыныс енгізді (2020 жылғы 23 шілдедегі № 1-02/811-И). Қазіргі таңда аталған ұсыныс Президент Әкімшілігімен қарастырылуда. Өз кезегінде БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру үшін келесі ұсыныстарды жүзеге асыру қажет деп есептейді:

1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізу жөнінде ҚР мемлекеттік қызметі туралы қолданыстағы заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер үшін деңгейлік тест тапсырмаларын енгізу. Осы мақсатта тест тапсырмаларының құрылымын, әр тапсырма (блок) бойынша шекті балды белгілеп, кезеңділігін реттей отырып, бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажет.

 

Міндет. 2.3. Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Қазақ тілді БАҚ-қа мемлекеттік қолдау көрсету үлесі

%

МСМ-ге ақпарат

АҚДМ

52

54

60,7

 

 

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 10 телеарна, 34 интернет-ресурс, 40  баспа басылымы анықталды.

Оның ішінде, 10 аралас тілді телеарналарға (басым тіл – қазақ тілі), 17 қазақ тілді интернет-ресурсқа, 22 қазақ тілді баспа басылымға конкурс негізінде қолдау көрсетілді. 51*100/84=60,7

 

Іс-шаралар

27.

Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау

 

МСМ-ге ақпарат

ЦДИАӨМ, ИИДМ, мүдделі МО

-

-

-

-

-

Көрсетілген тармақ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасына енгізілді.

Бұған сәйкес, тапсырманы орындау мерзімі 2022-2024 жылдар аралығы болып табылады.

Қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

28.

БАҚ-та балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу

млн. тг.

МСМ-ге ақпарат

АҚДМ

-

-

-

-

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметкерлеріне арналған қысқаша әдістемелік материал дайындалып, Корпоративтік порталға орналастырылады. МОИП арқылы қызметкерлерге жолданады

29.

Фильмді Қазақстан аумағында таратуға рұқсат беруге және оны бір мезгілде прокатқа шығаруды талап ететін прокаттық куәлік беру үшін міндетті түрде қазақ тіліндегі дубляжының немесе түпнұсқасының болуын талап етуге бағытталған «Кинематография туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу

 

заңға өзгерістер, толықтырулар

МСМ, мүдделі МО

-

-

-

-

-

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң жобалау   жұмыстары жоспарының 25-тармағында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу көзделген.

Сондай-ақ, 2021 жылғы желтоқсан айынан Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қарастырылуда.

30.

Фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждауды қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсету

млн. тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ

-

-

-

РБ

033/ 104

2021 жылы мекеме тарапынан аталған бағытта жүзеге асырылған шаралар: 2021 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы 15 киножобаны (көркем фильмдер-7, деректі фильмдер -6, қысқаметражды дебюттер -2) қазақ тіліне дубляж жасады.

2022 жылы 10 киножобаны дубляждауды жүзеге асыру жоспарлануда.

31.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу

млн.тг.

бейнеблоктар

БҒМ, ЖАО

-

-

-

РБ

 

 

ЖБ

230

100

 

 

 

2021 жылы қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндіру және мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы», «Құдайберген Жұбанов», «Елдес Омарұлы», «Қошке Кемеңгерұлы», «Халел Досмұхамедұлы», «Телжан Шонанұлы», «Сәрсен Аманжолов», «Ісмет Кеңесбаев», «Орынбор съезі», «1929 жылғы латын әліпбиі туралы», «Egov.kz», «Egov.rus», «Дулат Тастекеев», «Өз тіліңді жақсы біл» және т.б. тақырыптарда түсіндірмелі, вирустық бағыттарда бейнероликтер әзірленді. Хронометражы – 120 минут (50 секунд – 5 минут аралығы). Сонымен қатар аталған бейнероликтерді қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, барлық өңірлерге жолданды.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған брендбук әзірленді.

32.

Мемлекеттік тілді пайдалануға ынталандыратын бейнероликтер әзірлеу және тарату

 

Міндет. 2.4. Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші

 

Мемлекеттік тіл нормаларына  сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту  дәрежесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

70

72

72

-

-

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары  мен облыстардың ақпараттары негізінде мемлекеттік тіл нормаларына  сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту  дәрежесі 72 пайызды құраған.

 

Мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі

%

МСМ-ге ақпарат

АҚДМ

50

50

50

-

-

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Талдау және ақпарат орталығы  тәулік бойы теле, радиоарналарға мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша теле, радиоарналарға ескерту жолданып, жалпы есептік кезең қорытындысы бойынша жиынтық эфирлік уақыты 50 пайыздан төмен теле, радиоарналар анықталмады.

 

Іс-шаралар

33.

Көрнекі ақпаратты 

дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру  жұмыстарын үйлестіру

 

түсіндіру жұмыстары, еріктілер акциялары, «Сәтті жарнама», «Үздік маңдайша»

БҒМ,

мүдделі МО, ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу

-

-

-

ЖБ

-

Министрлік «Атамекен ҰКП-мен бірлесе отырып 2021 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына маңдайшалар мен сыртқы (көрнекі) жарнама мәтіндерін орналастыруға қатысты жиын өткізді. Оған жарнама агенттіктерінің қауымдастығы, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Іс-шара барысында кәсіпкерлерге көрнекі ақпараттардың дұрыс жазылуы бойынша түсіндіру және кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, мемлекеттік  тілге сұранысты жоғарылату және тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында 2022 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жарнама агенттіктерінің жұмысы атап өтілді, жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуына атсалысқан жеке тұлғалар марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында 18 көшеге көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдің нормасына  сәйкестендіру жөнінде рейд жүргізілді.  Жалпы қамтылған шағын және орта субъектілер саны – 1100. Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпараттың саны – 790. Сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкес түзеткен шағын және орта субъектілердің саны – 310. Жұмыс барысында барлық жеке және заңды тұлғаларға тіл туралы заңнама нормаларының талаптары түсіндіріліп, жадынамалар таратылды және қысқа мерзімде сыртқы жарнама мен көрнекі ақпаратты «ҚР Тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру немесе алып тастау ұсынылды.

Ақмола облысында 20-дан астам акция өткізіліп, көрнекі ақпараттардың дұрыс жазылуы бойынша кеңес беру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті облыстық,  аудандық, қалалық басылымдарға сыртқы ақпараттар мен жарнамаларға қатысты 21 мақала жарияланды. Облыс аумағында 735 жарнама эскизіне келісу жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды облысында  рейд  кезінде 11 805 нысанда анықталған 4130 заң- бұзушылықтардың 2818-і (68%) түзетілді.

Жыл ішінде барлық қала мен аудандарда кәсіпкерлер палатасымен бірлесе кәсіпкерлерге арналған 392 шара  ұйымдастырылып,  оларға 3330 адам қамтылды. 18075 дана ақпараттық парақша мен  10 мыңнан астам «Тілашар» қысқаша сөздіктері таратылды. «Жедел желі» қызметі арқылы жалпы алғанда 6310 сұраныс бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Алматы облысында жарнама агенттіктері өкілдері мен жеке кәсіпкерлерге әдістемелік көмектер көрсетілді.

Whatsapp желісі мен электронды почта арқылы жарнама мәтінің дұрыстығы тексеріліп, келісілді. «Almaty. Tv» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Тіл қорғаны» бағдарламасының тілшілерімен бірлесе отырып мониторинг жүргізілді.

Ақтөбе облысында 733 рейд жұмысы жүргізіліп, 7347 жарнама мәтіні сараланды. Қате рәсімделген 4370 көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндері заң талаптарына сәйкестендірілді. 

Атырау облысында «Атамекен» ҰКП-ның Атырау облысы филиалы арасындағы меморандумға сәйкес жұмыс жүргізіледі.  2021 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында әдістемелік көмек көрсету акциясымен қамтылған объектілер саны – 647. 2021 жыл бойы жүргізілген акция жұмыстарының саны – 99. Акциямен 1492 көрнекілік қамтылып,555 –іне ескерту берілді. Оның ішінде түзетілгені – 392, түзетілу үстіндегісі –163.

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен 5 жылға Меморандум жасақталып, жұмыстар атқаруда. Аталған бағытта 2021 жылы қалалық қоғамдық көліктерде көрнекі ақпараттарды заңға сәйкес рәсімдеу, көрнекі ақпараттарға қойылатын қазіргі талаптар, көрнекі, жарнама ақпараттарының  дұрыс жазылуын түсіндіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңірдегі 2021 жылы «Жедел желі» арқылы 200-ден астам жеке және заңды тұлғаға әдістемелік көмек көрсетілді.

Түркістан облысында 11 жарнама агенттігі және 7 баспа ісі (типография) жұмыс жасайды, облыстық акциялар тоқсанына 1 рет өткізіледі және консультациялық кеңес жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.  «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» тақырыбында бейнеролик әзірленіп, жергілікті «Түркістан» телеарнасында көрсетілді.

Қостанай облысында заң талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 130 рейд, 100 мониторинг, «Таза қалаға – таза жарнама» акциясы 4 рет өткізілді. 2185 көрнекілік қаралып, оның 410-ы заңға қайшы болды, 355-і (86%) түзетілді.

Қызылорда облысында жоспарға сәйкес тоқсан сайын ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  «Көрнекі ақпарат және заң» тақырыбында бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарнадан  көпшілік назарына ұсынылды. «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық қажет» атты онлайн дөңгелек үстел, «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы ұйымдастырылды. Облыс бойынша барлығы -  28 жарнама агенттіктері бар. Олардың барлығына «Тіл туралы» Заңның 21-бабы талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема үлгісі, жарнамада жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған брошюралар таратылды. Жедел желі арқылы 7 жеке тұлға, 12 заңды тұлға консультациялық көмек алды. 35 жарнама мәтіні түзетілді. Облыс бойынша 153 ұйым мен мекемеге көрнекі ақпараттарды дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, әдістемелік көмектер көрсетілді.

Маңғыстау облысында 153 ұйым мен мекемеге көрнекі ақпараттарды дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, әдістемелік көмек көрсетілді.

Павлодар облысында 2597 нысан мониторингпен қамтылып, нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыным хаттары жолданды. Нәтижесінде 1870 нысанның көрнекі ақпараттары мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес рәсімделген.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы 54 жарнама агенттігі мен баспа ісімен (типография) айналысатын жеке кәсіпорындар бар. Ресми бекітілген жарнама мен басқа да көрнекі ақпарат үлгілері мен мәтіндер саны – 287. Жедел желі арқылы 107 жеке және заңды тұлғаға көмек көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум аясында акциялар өткізілді. Аталмыш шара 25 мекемені аралап, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы көрнекі ақпарат пен жарнамаға қатысты баптар көрсетілген буклеттер таратты, тіл заңнамасы талаптарын орындау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облысындағы жарнама агенттіктерімен электрондық пошта және «Whatsapp» жүйесі арқылы тығыз жұмыс жүргізілуде. Көрнекі ақпарат пен жарнама мәселелері бойынша 9 семинар-кеңес, 11 кездесу, 2 облыстық айлық, 2 акция, 29 рейдтік шаралар, 364 зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмек ретінде 6 семинар, 6 шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Олармен қамтылған адам саны – 85; Жедел желі арқылы консультациялық көмек алған жеке және заңды тұлғалардың саны - 106; 2021 жылы мәтіндері түзетіліп, бекітілген жарнама үлгілерінің саны (қала, аудандарды қоса алғанда)– 396. Жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерін дұрыс жазу туралы БАҚ беттеріне мақалалар жарияланды, нысан иелеріне әдістемелік көмек ретінде шаруашылық тауарлары мен азық-түлік тауарларының сөздігі таратылды, «Тіл қорғандары» әдістемелік көмек көрсететін еріктілер тобы құрылды.

Шымкент қаласында тегін кеңес беретін «Жедел желі» (Call-center) қызметі жұмыс істейді.

34.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсету

 

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ, АҚДМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК, ҮЕҰ

-

-

-

-

-

2021 жылы Министрлік азаматтық қоғам институттарының қазақ тілін қолдау мақсатындағы шараларына ақпараттық қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бұл бағытта «Тіл мәртебесі – тұтас ұлт», «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің темірқазығы»,  «Кешігіп ашылған оқу ордасы» және басқа атаулармен «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Заң газеті», «Айқын» және басқа басылымдарда мақалалар, «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» телеарналарында жаңалықтар сюжеті, abai.kz, inform.kz, adyrna.kz, baq.kz және басқа интернет-ресурстарда материалдар жарияланды.

35.

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино және басқалары) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру

 

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ,

ЖАО

 

-

-

-

-

-

Республикалық театрларда 2021 жылы қазақ тілінде келесідей жаңа қойылымдар сахналанды: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында -  Б. Брехттің «Пері қатын» драмасы, Ә. Нұрпейістің «Қан мен тер» трагедиясы, Д. Исабековтің «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасы; Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында - О. Бөкейдің «Қар қызы» драмасы, У. Шекспирдің «Король Лир» трагедиясы, Ұ. Болатбектің «Көліктер тартысы» ертегісі; «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы; Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында  -  Т. Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасы, Р. Мұқанованың «Бопай ханым» тарихи трагедиясы, Х.Алтай мен Х. Оралтайтың «Алтайдан ауған ел» драмасы, А. Менчеллдің «Күзгі іңір» трагикомедиясы.

Олардың ішінде Ұ. Болатбектің «Көліктер тартысы» ертегісі кішкентай көрерменге, О. Бөкейдің «Қар қызы» драмасы мен Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы жасөспірімдерге арналған қойылымдар.

36.

Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету

 

МСМ-ге ақпарат

МСМ

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

-

-

-

-

-

Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану  қамтамасыз етілген

37.

Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

 

МСМ-ге ақпарат

ЖАО

-

-

-

-

-

Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданған

38.

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында (денсаулық сақтау, білім беру және сот ісі ұйымдарында, мәдениет және өнер салаларында,  спорт және туризм, банк ісі, сауда, қоғамдық көлік, әуе және темір жол коммуникациясы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану салалары мен демалыс орындарында және т.б) тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

 

МСМ-ге ақпарат

ЖАО, МО

-

-

-

-

-

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданған

39.

Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалға мониторинг және талдау жүргізу

млн. тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

-

-

-

РБ

230

100

2021 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, екінші деңгейлі банктердің, орталық атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ресми интернет ресурстарына (барлығы 180 сайт) мониторинг жүргізілді. Қорытындысы бойынша 197 рет ескерту хаттары жолданды. Нәтижесінде 89 мекеме ресми сайттарына түзету жасады.

 

 

 

40.

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шаралар өткізу, оның ішінде «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендер арасында «Тіл шебері» республикалық конкурсы

млн. тг

республикалық (өңірлік) конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар

БҒМ

мүдделі МО (оның ішінде құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдар), ЖАО, ҰК

-

-

-

РБ

 

 

ЖБ

230

100

 

 

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті тарапынан бірнеше шаралар өткізілді. 2021 жылғы мамыр – қыркүйек аралығында өзге ұлт өкілдері жастары қазақ авторларының шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқуға бағытталған  «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді. Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында қатысушылар қазақ тілінде туған жер, ел, отан жайлы өлеңдерден үзінділер оқыды.

Ағымдағы жылғы 12 қарашада Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» тақырыбымен онлайн форматта республикалық байқау өткізілді.

2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2021» республикалық байқауы өткізілді.

Мемлекеттік сатып алу барысында және іссапар шығындарының қысқаруы салдарынан қаржы үнемделді.

41.

Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын (оның ішінде білім беру жүйесінің мектепке дейінгі, мектептік, арнайы орта және жоғары оқу орындары ұйымдарын  қамти отырып)  пайдалану мен  оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар

млн. тг

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілетін іс-шаралар

ЖАО

-

-

-

ЖБ

 

Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын  пайдалану мен  оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілген. Мысалға:

Акмола облысында 6-11 сынып оқушылары арасында  «Ясауитану-2021»   байқауы  2021 жылғы 23 қыркүйекте, 8-11 сынып оқушылары арасында VIII республикалық «Ақберен» өнер  байқауы    2021 жылғы 14-15 қазан аралығында, III республикалық «Ділмар»  шешендік өнер байқауы  2021 жылғы 11 қарашада онлайн түрде өткізілген.

Ақтөбе облысында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Өнер – білім бар жұрттар» атты мәнерлеп оқу байқауы, «Бейбітшілік үшін рахмет!» атты республикалық  мәнерлеп оку байқауы, «Жеңіспен соғыс аяқталды!» атты республикалық  сырттай эссе байқауы, «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым»  онлайн эссе байқауы, «Ұлы даланың жеті қыры», Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына орай «Жұбановтар әлемі», Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Жамбыл туралы не білесіз?» көше акциясы өткізілген.

Атырау облысында 2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқының тарихын, дәстүрін, халықтық қолөнерін, тілі мен мәдениетін таныстыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы өткен.

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру мақсатында облыс көлемінде 439 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: 8 облыстық байқау, 71 аудандық байқау, 42 вебинар,  9 семинар, 14 мәнерлеп оқу сайысы, 9 эссе жазу шарасы, 6 олимпиада,  22 мүшәйра, 143 викториналық ойын, 37 шығарма жазу байқауы, 49 танымдық сабақ, 29 челлендж-байқау.

Жамбыл облысында тіл мәдениетін көтеру мақсатында жыл басынан түрлі форматта  205 іс-шара өткізіліп, оларға 7000-нан аса адам тартылған.

Батыс Қазақстан облысында тіл айлығы аясында Қазақстан халқы тілдері күніне және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне арналған әртүрлі форматтағы 600-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық акцияға мемлекеттік тілді меңгерген 25 өзге ұлт өкілдері қатысқан.

Қарағанды облысы бойынша қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыру, насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында өңірде тіл саясатын жүзеге асыру бойынша барлығы 1352 шара, соның ішінде үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» байқауы (2021 жылғы 16 сәуір) өткізілген.

Қостанай облысында Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына орай онлайн  «Ыбырай оқулары», Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында" тіл үйренуші өзге ұлт жастарының құттықтау ролигі, "Тілдерді білу-даналықтың кілті" эссе байқауы, үш тілді меңгерген жастар арасында "Үштілділік – заман талабы" конкурсы, этнос жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің конкурсы өткізілді.

Қызылорда облысында өткізілген іс-шаралардың жалпы саны - 68. Оның ішінде: халықаралық 1 конференция, облыстық деңгейде 3 дөңгелек үстел, 2 полиглот байқауы, 5 мәнерлеп оқу сайысы, 2 акция, 7 дөңгелек үстел, 4 кітап көрмесі өткізілген.

Шымкент қаласында үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын -2021»  қалалық байқауы өткізілді.    

42.

Мемлекеттік тілде (оның ішінде, латын графикалы әліпби негізінде)  инновациялық  ІТ-жобаларды, тележобаларды және анимациялық фильмдерді әзірлеу және шығару

млн. тг

жобалар, бағдарламалар, фильмдер (анимациялық)

МСМ

-

-

-

РБ

033

(118)

2021 жылы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ мәліметіне сәйкес Мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетілген «Бесік жыры», «Кенже қыз» және «Караван историй» атты 3 анимациялық фильмдердің түсірілімі аяқталды.

 

 

 

 

 

 

43.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған баспа өнімдерін шығару, сондай-ақ олардың электронды нұсқаларын tilalemi.kz, qazlatyn.kz порталдарына орналастыру

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

-

-

-

РБ

230

100

2021 жылы төмендегідей өнімдердің электронды нұсқалары жарық көріп, «qazlatyn.kz», «tilalemi. kz»  порталдарына орналастырылды. - Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған мәтіндер жинағы – В2 (орта) деңгей;

- «Атамекен» ақпараттық-танымдық жинақ;

- Күрд тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал;

- «Қазақ тілі» Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулығы - А1, А2 (қарапайым, базалық) деңгейлерінде.

Мемлекеттік сатып алу барысында қаржы үнемделді.

45.

Бизнес-ортада қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің қолданылу деңгейін арттыру бөлігінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау

 

 

 

интерьер дизайны заттарын, кеңсе заттарын, киім, аксессуарларды және т.б. жасауда мемлекеттік тілді пайдалану

«Атамекен» ҰКП (келісу бойынша)

-

-

-

-

-

2021 жылғы 15 қазанда кәсіпкерлік субъектілер үшін ZOOM режимінде БҒМ комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген оқыту интернет-порталдарының таныстырылымы келесі сілтеме бойынша өтті: https://us02web.zoom.us/j/8440048081.

Сондай-ақ кәсіпкерлер палаталары мен тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша жұмыс жүргізілді.

Жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының сақталуын, сауда орталықтарының, дәріхана желілерінің, жолаушылар тасымалы саласының өкілдерімен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң талаптарының сақталуын түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндет. 2.5.  Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Қазақстанда өткізілетін,  сондай-ақ  шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі

%

МСМ-ге ақпарат

СІМ

50

50

63

-

-

Қазақстанда барлығы 45, шет елдердегі қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық шараларда 207 іс-шара өткізілген. Олардың 159-і қазақ тілінде өткізілген. 

 

Іс-шаралар

46.

Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету

 

келісімдер, халықаралық шарттар, кездесулер, келіссөздер

СІМ,

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

 

-

-

-

-

-

2021 жылы Мемлекет басшылығының ондаған халықаралық сапарлары болды. Айта кету керек, славян тектес елдерден басқа мемлекеттерге сапарлар, кездесулер кезінде іс-шаралар, келіссөздер негізінен мемлекеттік тілде өтті. Мысал ретінде, 2021 жылғы 16-17 тамыздағы ҚР Президентінің Корея Республикасына Мемлекеттік сапары кезінде келіссөздер мен іс-шаралар қазақ және корей тілдерінде ұйымдастырылды, ҚР Президентінің Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен маңызды халықаралық шара аясында шет елдердің кейбір мемлекет басшыларымен кездесуінде қазақ тілінде сұхбат жүргізуі мемлекеттік тіліміздің халықаралық мәртебесінің өсуін білдіреді. 

Министрлікте келіссөздердің басым бөлігі  қазақ және тараптар  тілдерінде өткізіледі. Отырыс хаттамалары міндетті түрде қазақ және тараптар тілінде жасалады. Барлық қол қойылған хаттамалар, келісімдер, шарттар мен меморандумдар, бірлескен мәлімдемелер  қазақ және тараптар тілінде әзірленеді.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрі Бірінші орынбасарының 2021 жылғы 2 тамыздағы № 11-1-4/308 бұйрығы негізінде дипломатия саласында, оның ішінде Қазақстанда және қазақстандық дипмиссиялардың шетелде өткізетін халықаралық іс-шараларында қазақ тілін қолдану үлесін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жасау жұмыстары жүргізілуде.

47.

Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасын іске қосу

 

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

-

-

-

РБ

230

100

«Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды:

1. Жобаның қызмет көрсету кестесі әзірленді;

2. «Абай институты» порталын жетілдірудің тұжырымдамасы, техникалық ерекшелігін дайындалды;

3. Деңгей бойынша контент жинақталды. 2021 жылы А2, В1 (базалық және орта) деңгейлерінің тақырыптық, грамматикалық тақырыптары мен сұхбат контенті әзірленді, порталға орналастырылды;

4. Жинақталған контент бойынша аудио, бейнематериалдар, суреттер әзірлеу және өңделді, порталға орналастырылды;

5. Қазақ тілін оқыту  шетелдерде офлайн жүргізілді және 100-ге жуық қандас қазақ тілін үйренді.

6. Біліктілік арттыру онлайн курстары ұйымдастырылды. Курстың 1-кезеңінде 180-нен астам оқытушы қатысса, 2-кезеңінде 250-ге жуық оқытушы қатысып, сертификатқа ие болды.

7. Оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетілді, қазақ тілін үйретудің Оқу бағдарламасы жасалып, қазақ тілін үйрететін оқу-әдістемелік құралдардың электрондық базасымен қамтамасыз етілді;

www.abai.institute порталының «Қазақша үйрену» бөлімі тілді үйретудің А2, В1 деңгейлерінің толығуына және А1 деңгейіне «Грамматикалық тақырыптар» бөлімі қосылуына байланысты порталдың қызметі артты.

2021 жылы төмендегідей өнімдердің электронды нұсқалары жарық көріп, «qazlatyn.kz», «tilalemi. kz»  порталдарына орналастырылды. - Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған мәтіндер жинағы – В2 (орта) деңгей;

- «Атамекен» ақпараттық-танымдық жинақ;

- Күрд тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал;

- «Қазақ тілі» Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулығы - А1, А2 (қарапайым, базалық) деңгейлерінде.

 

48.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету

млн. тг

МСМ-ге ақпарат

АҚДМ, МСМ,

СІМ, ЖАО, ДҚҚ, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ (келісу бойынша)

-

-

-

 

РБ

240

002

2021 жылы Ресей, Иран, Париж, Бельгия, Франция, Германия, Монғолия елдеріндегі  100-ге жуық қазақ диаспорасына офлайн режимде қазақ тілі курсы ұйымдастырылды. Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді.

Басылымның электронды нұсқасы  «Абай институты» онлайн платформасына қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, орналастырылды.

2021 жылы тамыз, қазан айларында онлайн режимде «Абай институты» жобасы аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Біліктілікті арттыру жұмысына тамыз айында 162, қазан айында 77 оқытушы қатысты    (Өзбекстан -122, Моңғолия -50, Ресей – 41, Мажарстан – 2, Түркия -4, Польша – 1, Ұлыбритания-2, Бельгия-2, Иран -3, Франция -2, Германия-8, Омбы -1).

«Отандастар Қоры» КеАҚ 12 елде (Түркия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Франция, Иран, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Беларусь) қазақ тілін үйрету бойынша 31 онлайн-сынып ашты. Сонымен қатар, Қор «Bilim Innovations Group» ЖШС бірлесіп онлайн-сыныптар арқылы қазақ тілін оқыту бойынша 2021 жылы 780 онлайн-сабақ өткізді. Қазақ тілі курстарына барлығы 1 391 адам қатысты. Сондай-ақ, «YouTube» видеохостингіне 30 астам онлайн-сабақ видеосы жүктелді. Курс қатысушыларына 336 сертификат берілді.

Сонымен қатар, шетелдегі этникалық қазақтарға ана тілін қосымша үйрету үшін а.ж. тамыз және желтоқсан айларында speaking club (сөйлесу клубы) сабақтар өткізілді.

 

3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту

 

Нысаналы индикатор

 

Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген  халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

26

27

27

-

-

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 27 % үш тілді меңгергені анықталды.

 

3.1. Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы

 

Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

90

90,2

90,2

-

-

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың  90,2 % орыс тілін   меңгергені анықталды.

 

3.2. Этностық топтардың тілдерін дамыту

 

Қазақ және ана тілдерін оқыту бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

30

32

32

-

-

Еліміздегі қазақ және ана тілдерін оқып-үйрену бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі 32%-ке жетті.

Нұр-Сұлтан қ. - 54%, Алматы қ. - 35%, Шымкент қ. - 68%, Ақмола облысы - 33%, Алматы облысы - 32%, Ақтөбе облысы - 23%, Атырау облысы - 30%, БҚО - 33%, Жамбыл облысы - 32%, Қарағанды облысы - 32%, Қызылорда облысы - 54%, Қостанай облысы - 35%, Маңғыстау облысы - 35%, Павлодар облысы - 32%, СҚО - 35%, Түркістан облысы - 33%, ШҚО - 32%.

50.

Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу

млн. тг

конкурстар, фестивальдер, семинарлар, тренингтер, акциялар

ЖОО

-

-

-

ЖБ

-

Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілген. Мысалға:

Акмола облысында славян жазбалар күнін мерекелеу щеңберінде жалпы 33 шара өтті, оның ішінде 5 көрме, 3 викторина, 3 байқау, 8 сыныптан тыс сағат, 2 пікірталас, 1 дөңгелек үстел, 11 бейне-презентация.

Ақтөбе облысында этномәдени бірлестіктер өкілдері мен жексенбілік мектептер оқытушыларының қатысуымен «Толеранттылық – елдіктің алтын көпірі» диалог алаңы ұйымдастырылды. «Тіл мен тәуелсіздік – тұтас ұғым» атты өзге ұлт жастары арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын насихаттауға арналған онлайн тілдік шарасы, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» онлайн челленджі ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысында қыркүйекте «Тілдер шеруі» айлығы аясында славян жазбалары күні мерекесі өтті. Мереке облыстың аудандары мен қалаларындағы славян мәдени орталықтарының атсалысуымен «Удивительный мир славянского слова» тақырыбында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында тарихи-өлкетану музейі мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта, Талас, Сарысу және Жуалы, Жамбыл аудандарында этнос өкілдерімен «Тіл – достықтың дәнекері» атты кездесу өткізілді.

Қарағанды облысында 2021 жылғы 24 мамырда Славян жазуы күндерін мерекелеу аясында өңірде 16 пост жарияланып, 1 байқау өткізілсе, «Русалица», «Родники», «Сударушки», «Хвилинка» славян этномәдени бірлестіктерінде   «Язык, есть исповедь народа» кездесу-пікірталасы, «Язык - это история народа. Язык - это путь цивилизации и культуры» дөңгелек үстелдері өткізілді. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тіл мерекесіне орай жалпы 273 шара жоспарланып, өткізілді.

Қостанай облысында тілдерді дамыту басқармасы этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Халықаралық ана тілдері күні атап өтілді. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жексенбілік мектеп оқытушыларының қатысуымен «Толеранттылық – мемлекеттіліктің кепілі» диалог алаңы ұйымдастырылды. Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл-рухани қазына» іс-шарасы ана тілдерін сақтау және қолдау бойынша өткізілді.

Қызылорда облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Славян қоғамдық мәдени орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Сабантуй мейрамы өткен.

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс бойынша 293 өткізілді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы» облыстық байқауы, «Тіл шебері» облыстық байқауы, ҚР тіл заңнамасы талаптарының орындалу барысы туралы акциясы, «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы және т.б. іс-шаралар өткізілді.

Түркістан облысында «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл - тірегім!» іс-шарасы өтті. Тіл мерекесі аясында 40 минуттық фильм түсіріліп, Түркістан телеарнасы арқылы көрсетілді.

Шымкент қаласында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі қарсаңында «TILTIME» шарасы «Абай» саябағында ұйымдастырылып өткізілді.

51.

Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізу

52.

Мемлекеттік тілді және этностардың тілдерін және оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

-

-

-

РБ

230

100

Республикалық/аймақтық этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстары жүргізілді. Курс сұраныс бойынша украин, ингуш, дүнген, ұйғыр, өзбек, армян, еврей, түркімен, тәжік этностарына қарай офлайн және онлайн режимде жүргізілді. Курстарға барлығы 553 тыңдаушы қатысты. Шараның техникалық ерекшеліктеріне сәйкес сағат саны қазақ тілі бойынша 2700 академиялық сағат және ана тілдері бойынша 2700 академиялық сағатты құрады.

Іс-сапар щығындарының қысқаруына байланысты қаржы үнемделді.

53.

Мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктер мен үлгілік бағдарламаларды әзірлеу, басып шығару және тарату

млн. тг

оқу-әдісте

мелік, ғылыми- анықтамалық, публицстикалық әдебиеттер, сөздіктер

БҒМ, ЖАО

-

-

-

 

ЖБ

 

 

 

 

«Ана тілі» мәтіндер жинағы электрондық нұсқада 11 тілде (дүнген, иврит, армян, татар, күрд, шешен, грек, белорус, болгар, тәжік, орыс) әзірленіп, этномәдени орталықтарының сайттарына орналастырылды.

- Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған мәтіндер жинағы – В2 (орта) деңгей;

- Атамекен: ақпараттық-танымдық жинақ;

- Күрд тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал;

- «Қазақ тілі» Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулығы - А1, А2 (қарапайым, базалық) деңгейлерінде әзірленіп, «qazlatyn.kz», «tilalemi. kz»  порталдарына орналастырылды.

54.

Тілдік капиталды дамытуды, соның ішінде азаматтардың үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын)  өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін әдістемелік құралды, мультимедиялық құралдарды, сөздіктер мен т.б. әзірлеу және енгізу

55.

Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда тілдерді (қазақ-ағылшын, қазақ-орыс және т.б) оқыту курстарын кеңейту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

млн. тг

МСМ-ге ақпарат

ЖАО

-

-

-

ЖБ

 

Ақмола облысында мемлекеттік тілді – 3061, ағылшын тілін - 523 тыңдаушы оқыды.

Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді – 1800, ағылшын тілін  – 318 адам оқыды

Жамбыл облысында барлығы 4109 тыңдаушы (қазақ-3362, орыс-88, ағылшын-659), 344 (қазақ-280 орыс - 8, ағылшын-56) топ (192-мемлекеттік қызметші) тегін оқу курсынан өткен.

Қарағанды облысында қазақ тіліне – 2482, орыс тіліне – 40, ағылшын тіліне  – 1987 адам оқытылды;

Қызылорда облысында мемлекеттік тілді 1014, орыс тілін 493 адам, ағылшын тілін 772 адам оқыды.

Қостанай облысында ағылшын тілі 1986 тыңдаушы, ана тілі 181 тыңдаушы (түрік тілі – 25 адам, башқұрт тілі – 12 адам, татар тілі – 15 адам, армян тілі – 18 адам, корей тілі – 15 адам, поляк тілі – 12 адам, неміс тілі – 71 адам, орыс тілі-13 адам).

Маңғыстау облысында «Үш тілді онлайн оқыту» мобильдік қосымшасы қолданысқа ие. Қосымша Android және  iOS нұсқаларында жұмыс жасайды. 2021 жылы аталған қосымшаны 200-ге жуық адам пайдаланып, тіл білу деңгейін анықтаушы тестілеуден өтті (тұтастай алғанда, 3 жыл бұрын басталған жобаға барлығы 8000 аса адам қатысты).

СҚО: Тілдерді оқыту орталығында 140 топ ұйымдастырылды,  124 топта қазақ тіліне, 16 топта ағылшын тіліне үйретілді. Жалпы тыңдаушылардың саны 2473, с.і. 2260 қазақ, 213 – ағылшын тілін оқуда.

ШҚО: қазақ тілін -3443, ағылшын тілін -984, орыс тілін – 145 адам оқыды.

Шымкент қаласы бойынша «Қазақша – орысша – ағылшынша – өзбекше, Қазақша – орысша – ағылшынша – әзірбайжанша, Қазақша – орысша – ағылшынша – еврейше, Қазақша – орысша – ағылшынша – немісше, Қазақша – орысша – ағылшынша – армянша,Қазақша – орысша – ағылшынша – түрікше, Қазақша – орысша – ағылшынша – корей тілінде тілашар әзірлеп, баспадан шығарып, этномәдени бірлестік мүшелеріне таратылды.

Жамбыл облысы бойынша «Отбасында қазақ тілін бірге үйренейік!» сөздігі әзірленіп 1500 данада таратылды. Мемлекеттік тілді өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін А1 деңгейінде 16 сабақтан тұратын «QazOnline» мобильді қосымша әзірленіп, қолданылуда.

Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінің оқу кешені (оқу құралы, дәптер, аудио диск) қолданылады. Ағылшын тілін оқыту барысында «New Headway» бағдарламасы қолданылады. Сонымен қатар қазақ тілін оқыту бойынша әлеуметтік желілер арқылы: - «Қазақша үйренейік!» жағдаяттық бейнероликтері жарияланған.

Қызылорда облысы бойынша «Қазтест» жүйесінің  тыңдалым бөлігіне арналған «Тыңда! Түсін! Тіл үйрен!» мобильді қосымшасы әзірленді. kzordatil.kz интернет порталы жасақталды. «Қатесіз жаз!», көнерген сөздердің мағынасын түсіндіру мақсатында «Қазақ сөзі», «Сөздер сөйлейді» ақпараттық-танымдық айдарлар әзірленіп, тұрақты жүргізілді. 

Қостанай облысы бойынша әлеуметтік желілердегі және YouTube-арнадағы парақшаларда тілдік капиталды дамыту, оның ішінде азаматтардың Үш тілді өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін әзірлемелер бойынша сабақтар жарияланады. Қызмет көрсету саласына арналған «Мемлекеттік тілді оқыту» қысқа мерзімді курсының 36 сағаттық бағдарламасы, сабақ үлгілері, сөздік; Қазақ тілін еркін форматта оқыту бойынша «Сөйлетайм» клубының 16 сағаттық жұмыс жоспары мен сабақ үлгілері облыстық деңгейде әзірленіп, таратылды.

Түркістан облысы бойынша азаматтардың үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында «Тілдерді оқытып үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері», «Қазақша-ағылшынша» сөздік әзірленіп, аудан, қалаларға таратылды. ШҚО бойынша қазақ тілін үйрену  курстарына  арналған  оқу құралдары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына,сауда орындарына, медициналықмекемелерге  арналған   тілдескіштер  жасап шығарды. 

 

Міндет.  3.3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру

 

Нәтижелі көрсеткіш

 

Ағылшын тілін меңгерген  халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

БҒМ

ЖАО

27,5

28

28

-

-

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 28 % ағылшын тілін,   меңгергені анықталды.

56.

Қазақ тіліне аударылған әлемдік классиктердің әдеби шығармаларын және ағылшын тіліне аударылған қазақ классиктерінің   шығармаларын басып шығару, сондай-ақ олардың онлайн режимде қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

ҰЭМ-ге ақпарат

МСМ

-

-

-

РБ

033

(108), (128)

2021 жылы қазақ тілінде 4 аталым әлем балалар әдебиеті классик авторларының әрқайсысы 3 мың данада басылып шықты. Олар: Даниэль Дефо «Робинзон Крузо»; Джонатан Свифт «Гулливердің саяхаттары»; Стивенсон Роберт Льюис «Қазына аралы».

Сондай-ақ, Шарафат Жылқыбаеваның қазақ тіліндегі жапон аңыз-әңгімелерінің аудармалары «Көк бөрінің көзі» атты 3 томдықтың, 1-томы, сонымен қатар Садыр Беріктің «Әлем әзіл әңгімелері», Демеш Кеңесбектің «Шейх Амет Құдайдад Тарази. Көркемсөз өнері», Кәріп Өмірбадың «Белес», Есдәулет Ұлықбектің «Абильхаят или Легенда о живой воде» (орыс тілінде) атты аудармалары жарық көрді. Басылымдардың барлық оқырмандарға қолжетімді болуы үшін электрондық нұсқалары ҚазҰЭК базасына жүктелетін болады.

                         

 

Дата публикации
14 марта 2022