Гүлжахан Бимендина «АШАІМИ» ШЖҚ РМК директоры болып тағайындалды

Гүлжахан Бимендина «АШАІМИ» ШЖҚ РМК директоры болып тағайындалды

2022 жылы 25 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен, Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу кұқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

Гүлжахан Бимендина 52 жаста, білімі жоғары, еңбек жолын Солтүстік Қазақстан  облысы Сергеевка аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бас маманы қызметінен бастаған.

Жер саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келеді. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының аудандық жер комитетінің төрайымы, Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфроқұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметтерін, аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Жер ресурстарын басқару бойынша агенттігінің және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» құрмет грамоталарымен, марапатталған. Қазақстан Республикасының «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісінің иегері.