Қазақстанның ашық жер кадастрының базасына қолжетімділік толықтай қалпына келтірілді

Қазақстанның ашық жер кадастрының базасына  қолжетімділік толықтай қалпына келтірілді

2022 жылы 15 тамызда aisgzk.kz.  мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында ақпарат толық қолжетімділік қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, ол жер учаскелері туралы толық мәліметтердің қол жетімсіз болуына әкелген болатын. Жүйедегі ақаулардың себептері анықталғаннан кейін мамандар тобы оны жою бойынша жұмысқа кірісті. 12 тамыз күні техникалық жұмыстар аяқталды және қазіргі уақытта МЖК ААЖ сайтында ақпарат қолжетімді.

aisgzk.kz порталындағы кадастрлық картаның көмегімен  кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар.