Ақпараттық хабарлама!

Ақпараттық хабарлама!

2021 жылы 30 маусымда Мемлекет басшысы жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі Заңға қол қойды, жер ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған бірқатар маңызды жаңашылдықтар қабылданды. Іс жүзінде жер қатынастары саласы әрбір азаматтың мүддесін қозғайтынын ескере отырып, ҚР АШМ  Жер ресурстарын басқару комитеті жанынан жер мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган құру туралы шешім қабылдады.

Аталған органның құрамына ҚР Парламент депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеке тұрғын үйлер құрылысы, өнеркәсіп және басқа да салалардағы жер мәселелерін көтеріп жүрген белсенді азаматтар кіретін болады.

Консультативтік-кеңесші орган жер қатынастары саласын реформалау бойынша қажетті өзгерістерді талқылау және қабылдау алаңына айналады. Министр Жер ресурстарын басқару комитетіне осы органды құру үшін қысқа мерзімде барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге тиісті тапсырмалар берді.