Жерге орналастыру және жер кадастры саласындағы қызметтерге бағалар прейскурантының жобасы бойынша жария тыңдау өтеді

Жерге орналастыру және жер кадастры саласындағы қызметтерге бағалар прейскурантының жобасы бойынша жария тыңдау өтеді

2021 жылдың 6 қазаны күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы іске асыратын жерге орналастыру және жер кадастры саласындағы қызметтерге бағалар прейскурантының жобасы бойынша онлайн форматта жария тыңдау өтеді.

Аймақ тұрғындары бейнеконференция байланысы арқылы онлайн-режимде сұрақ қоя алады.

Тікелей трансляция ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан https://www.facebook.com/minagri.gov.kz  сілтемесі арқылы көрсетіледі.

Жария тыңдау астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Іс-шараға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 8 (7172) 55-57-65 телефон нөміріне хабарласуға болады немесе сұрақтарыңызды minagripress@gmail.com электронды мекенжайына жібере аласыздар.