Жерді пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Жерді пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының бұйрығымен Абдрахманов Айдос Рақымжанұлы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жерді пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айдос Абдрахманов Алматы облысы Кеген ауданының Ақтасты ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жылы «экономика» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын бітірген, 2010 жылы «кадастр» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.