АШМ цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмысын жалғастыруда

АШМ цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмысын жалғастыруда

Бұл туралы ҚР АШМ алқа отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина мәлімдеді

Комитет төрайымының айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторингпен қатар жергілікті жердің фотобейнесі қамтылған цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасауда.

«Аталмыш карта жер учаскелерін нақты пайдалану, оның сипаттамасы және құрылымы бойынша саралауға мүмкіндік береді. Карталарда ауылшаруашылық жерлерінің барлық түрлері: егістік, тыңайған жерлер, бақтар, шабындықтар мен жайылымдар көрсетілген. Ауыл шаруашылығы карталары ауқымды аумақтар бойынша біртекті және салыстырмалы ақпарат алуға тиімді», - деп хабарлады ҚР АШМ ЖРБК төрайымы.

Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару комитеті электрондық карталарды жасай отырып, топырақ және геоботаникалық зерттеулер жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бұл алқаптардың өзекті мелиорациялық жай-күйін (тұздану, сортаңдану), ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық сипаттамаларын және жайылымдық алқаптардың жем-шөп мөлшерін көрсетеді. Аталмыш ақпарат жер ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін құруға көмектеседі.

Бүгінде 47,45 млн. га (25,6%) алаңда топырақты зерттеу және 34,3 млн. га (20,8 %) алаңда геоботаникалық зерттеулер бойынша жаңартылған материалдар бар.

Электрондық карталар aisgzk.kz сайтында ашық түрде қолжетімді болады.