Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы жобасы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алып қою үшін бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылауды қолдану тәртібін және оларды қайтару мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға қысқартуды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жалпы қоғамдық талқылау өткізетіндігі туралы хабарлайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 26 және 27 тармақтарына сәйкес 2021 жылы 9 ақпанда сағат 16:00-де бейнеконференц-байланыс (Zoom құралы) арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алып қою үшін бақылау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылауды қолдану тәртібін және оларды қайтару мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға қысқартуды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өткізетіндігін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысу үшін өтінімді (ТАӘ және WhatsApp телефон нөмірі) 2021 жылдың 8 ақпаны сағ. 18:00-ге дейін ai.abdrakhmanov@msh.gov.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 8 ақпанынан бастап үш жұмыс күні ішінде «Ашық НҚА» порталында «on-line» режимінде қоғамдық талқылау өткізіледі.