
Бүгін Комитет төрағасының орынбасары М.А. Каженовтың төрағалығымен 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша азаматтардың өтініштерін қарау, Әдеп кодексі талаптарының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысуға жол бермеу мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Комитеттің барлық аумақтық жер ресурстарын басқару департаменттерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында азаматтардың өтініштерін заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын мүлтіксіз сақтауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулерді қатаң сақтау мәселелері жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысуына жол бермеу, қызметтік әдепті сақтау және заңнама талаптарын қатаң ұстану қажеттігі ерекше атап өтілді.