Микотина Ирина Геннадьевна еңбек жолын университетті бітірген соң Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2015 жылдан бастап жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы лауазымында.
Жер қатынастары саласындағы көп жылдық еңбегі кезінде ол өзін шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті, сендіре алады, алға қойған мақсаттарына жетуде табанды, өз міндеттерін орындауға адал қарайды, жауапкершілік, парасаттылық, байсалдылық, ізгі ниет сияқты қасиеттерге ие.
Қойылған міндеттерді шешуде шығармашылық бастама, адалдық танытады, үлкен жұмыс көлемін еңсере алады, жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды.
Өзінің кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады, инновацияларды бақылайды және зерделейді, оларды тәжірибе жүзінде сауатты қолданады.
