2023 жылғы 22 мамырда ҚР АШМ ЖРБК СҚО жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Б. С. Бекиш «Аманат» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысына қатысып, «Солтүстік Қазақстан облысында пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыстың барысы туралы» баяндама жасады.
Ең бастысы туралы қысқаша:
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру және 2023 жылдың өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 18,4 мың га жайылым алаңында 16 тексеру жүргізілді.
- 17,4 мың га жайылым алаңында 11 бұзушылық анықталды.
Бұзушылықтарды жою туралы 11 нұсқама берілді, олар Мемлекеттік кірістер департаментіне 20 есеге ұлғайтылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін жіберілді.
621 мың теңге сомасына 8 айыппұл салынды.
2023 жылы соттарға ҚР заңнамасын бұза отырып берілген жалпы алаңы 14,3 мың га жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы 29 талап арыз берілді.
Ағымдағы жылы облыстың ведомствоаралық кіші тобының 3 отырысы өткізілді.
2023 жылы облыс бойынша ҚР заңнамасын бұза отырып, 330 мың га алаңда пайдаланылмаған жерлер мен берілген жерлерді қайтару жоспарлануда, оның ішінде 44,3 мың га қайтарылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.

