
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Әділ Оспанов Жамбыл облысында стратегиялық инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Актас Энерджи» ЖШС өкілдерін жеке қабылдады.
Қазақстан мен Франция арасындағы арнайы келісім аясында компания қуаты 1 ГВт болатын, энергия жинақтау жүйесі бар гибридті жел электр станциясын салуда.
Қабылдау барысында жобаны іске асыруға қатысты мәселелер және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
Комитет инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізуді жалғастырып, туындаған мәселелерді уақытылы анықтауға және оларды заңнама аясында шешуге ықпал етеді.