Павлодар қаласының прокуроры Ерлан Салханов «INVEST CARAVAN» акциясы аясында химия және металлургия салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инвесторларға прокуратура органдарының бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмысының нәтижелері жеткізілді, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жедел түрде жүгінуге мүмкіндік беретін «Мобильді прокурор» мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Ашық диалог форматында бизнес өкілдері салықтық және кедендік әкімшілендіруге, сондай-ақ «Жасыл дәліз» тетігін қолдану тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Акция аясында қала прокуроры «Еуразиялық механикалық зауыт», «QazRoyalPak» және «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» кәсіпорындарында аралады. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпорындардың ағымдағы өндірістік қызметі және мемлекеттік органдардың қолдауын қажет ететін проблемалық мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер тарапынан көтерілген барлық өтініштер мен мәселелер қала прокуратурасының бақылауына алынды. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жою және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі негізде жалғасатын болады.
Әкімшілік кедергілерге, құқықтарының бұзылуына немесе кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға тап болған инвесторлар +7 (701) 578-47-15 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласа алады.