Павлодар облысында толтырғыштар өндіру жөніндегі инвестициялық жоба қалпына келтірілді

Павлодар облысында толтырғыштар өндіру жөніндегі инвестициялық жоба қалпына келтірілді

Павлодар қаласының прокуратурасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетімен бірлесіп, бентонит сазы мен силикагель негізінде толтырғыштар өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «1G KAZAKHSTAN» ЖШС-нің құқықтарын қалпына келтірді.

Өтінішті қарау барысында инвестордың әкімшілік кедергілерге тап болғаны анықталды: уәкілетті орган бұрын берілген рұқсат құжаттарын кері қайтарып алған, бұл жобаны іске асыруға елеулі тәуекелдер туғызған.

Аталған жағдай өндірісті іске қосу мерзімдерінің бұзылуына, кредиторлар алдындағы қаржылық міндеттемелердің туындауына және инвестициялық жобаның тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, бұрын берілген рұқсат құжаттары қайтарылды.

Сонымен қатар, инвестициялық жоба Инвестициялық штабтың отырысында қаралып, өңірлік инвестициялық жобалар пулына енгізілді. Бұл жобаны одан әрі сүйемелдеуге және туындайтын мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және өңірдегі бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Әкімшілік кедергілерге, құқықтарының бұзылуына немесе кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға тап болған инвесторлар +7 (701) 578-47-15 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласа алады.