
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінде төраға Бауыржан Ералы Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Райымбек Баталовпен кездесті.
Кездесуде инвесторларды құқықтық сүйемелдеу мәселелері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде олардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары талқыланды.
Тараптар пікір алмасып, құрылған Сараптамалық кеңес аясында жүйелі проблемаларды жоюға және заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстарын білдірді.
Қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық құралдарды енгізу перспективаларына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Президент кеңесшісіне прокуратура органдарының «Цифрлық қадағалау» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды біріктіру және ортақ шараларды әзірлеу туралы келісімге келді.