Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) басшысының орынбасары Асқар Намазбаев және өкілдіктің жетекші банкирі Омонуллахожа Саъдуллахожаевпен кездесті.
Аталған кездесу 9 сәуірде өткен Инвестицияларды қорғау форумының аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Комитет төрағасы Бауыржан Ералы халықаралық серіктестерді ведомствоның қызметі туралы хабардар етіп, инвесторларды қорғау құралдарына, инвестициялық жобаларды сүйемелдеудегі цифрландыруға, сондай-ақ Инвест омбудсменнің рөліне ерекше назар аударды.
Қазақстандағы ЕҚДБ басшысының орынбасары Асқар Намазбаев жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап, сараптамалық қолдау көрсету мен бірлескен бастамаларды іске асыруға, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.