Тау-кен-металлургия саласы мен денсаулық сақтау секторындағы инвесторларға прокуратура қолдау көрсетті

Тау-кен-металлургия саласы мен денсаулық сақтау секторындағы инвесторларға прокуратура қолдау көрсетті

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті тау-кен-металлургия кешені және денсаулық сақтау саласында қызмет жүргізетін кәсіпкерлердің өтініштерін қарады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Экология министрлігімен бірлесіп Ақмола облысында тау-кен-металлургия кешенінде жобаны іске асырып жатқан инвестордың жағдайы қаралды. Рұқсат беру құжаттарын алу барысында туындаған қиындықтар жобаның іске асырылуына қауіп төндірген.

Талқылау қорытындысы бойынша кедергілерді жоюға және жобаны іске асыруды жалғастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген құқықтық шешімдер әзірленді.

Сонымен қатар «АстраЗенека» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимыл, инвестициялық бастамаларды дамыту және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық және бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті инвестициялық жобаларды іске асыру барысында әкімшілік кедергілерді жүйелі түрде жою, инвесторлардың құқықтарын қорғау және ел экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.