Ірі америкалық компания ел экономикасына 260 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салуға ниетті

Ірі америкалық компания ел экономикасына 260 млн АҚШ долларына жуық инвестиция салуға ниетті

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері америкалық Green Coal International компаниясы басшылығының «Самұрық-Энерго» АҚ-мен жұмыс кездесуіне қатысты.

Келіссөздер барысында Қазақстан өңірлерінің бірінде күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаның тұжырымдамасы талқыланды.
Жобаны құқықтық сүйемелдеу үшін инвестициялық прокурор белгіленді.

Тараптар жобаны практикалық іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.