Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны жетілдіру туралы

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны жетілдіру туралы

Бас прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны (ҰЦИП) жетілдіру, оның ішінде инвестициялық жобаларды уақтылы қорғау және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында оларды сүйемелдеу құралдарын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

ҰЦИП бүкіл республика бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың ұлттық және өңірлік пулының тізілімі болып табылады.

Тізілімде болу прокуратура органдарына жобалардың іске асырылу мәртебесін қадағалауға және мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қабылдайтын шектеу-рұқсат беру шараларын келісуге («прокурорлық сүзгі») мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық шешімдерді жетілдіру және инвестициялық жобаларды неғұрлым жедел сүйемелдеу үшін мемлекеттік органдар мен прокуратураның ақпараттық жүйелерін одан әрі интеграциялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.