
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Гонконгтың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің өңірлік директоры Крис Ло бастаған делегациясымен кездесу өткізді.
Тараптар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін, Кеңестің қызметін, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Крис Ло мырза елдің инвестициялық имиджін жақсартуда Комитет құрудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол шетелдік бизнесті Қазақстандағы құқықтық кепілдіктер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау құралдары туралы хабардар етуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара іс-қимыл жасауға мүдделі екендіктерін растады.