Негізгі функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есептілікті белгіленген мерзімде тапсыру. Мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу. Бухгалтерлік есеп жүргізу. Құжаттардың уақытында және дұрыс рәсімделуіне, жасалатын әрекеттердің заңдылығына алдын ала бақылау жүргізу. Қаржы қаражатының ашық лимитпен және олардың нысаналы мақсатқа сәйкес бақылау және нәтижелі жұмсау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алып қарастырады, «Е-Өтініш» бағдарламасы бойынша есеп береді Мекеме басшысымен шығындар сметасы мен оларға есеп жүргізуді құрастыру және келісу. Бюджет жобасына, Қызылжар ауданының құрылыс бөлімі бойынша толық бюджет есепті қажетті қосымшалармен құрастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Төлемдер мен міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша ай сайынғы есепті құрастырады. Бөлінген қаражатқа және бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістерді бекітуге қаулы жобасын әзірлейді. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамын, Қызылжар ауданының даму бағдарламасын дайындайды. Бөлім бойынша жедел күтілімдер жөнінде жұмыс жүргізеді. Бөлімнің штат кестесін құрады. Шарт толық көлемде орындалғанға дейін оған бақылау жүргізеді. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге жылжытуды жүзеге асырады. Қосымша қажеттілік бойынша есеп жүргізеді. Қосымша қажеттілік бойынша мәслихат сессиясына құжаттарды дайындайды. Жоғары тұрған органдар үшін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жартыжылдық және жылдық есеп құрастырады. Кадр жұмысымен айналысады, сонымен қатар «Е-қызмет» базасы бойынша бақылау жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы және есеп аудит), (банк және сақтандыру ісі).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.