«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 305232 теңгеден 350615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудандық жобалау сызбаларымен жобаларды, ауданның бас жоспарын, егжей-тегжейлі жобалау жобаларын, жеке ғимараттар мен ғимарттарды салу жобаларын әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады. Құрылыс барысына және барлық салынып жатқан объектілердің уақытында пайдалануға беруге бақылау жүргізеді. Салынған ғимараттарды, ғимараттар мен инженерлік желілерді пайдалануға енгізу бойынша қабылдау жұмысы және мемлекеттік комиссия жұмысын ұйымдастырады және қатысады. Атқарылған жұмыстарды қабылдайды және олардың жоба-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Объектілерді пайдалануға енгізу бойынша комиссияға қатысады, құрылыс бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, құрылыс саласы бойынша талдау ақпаратын жинауды жүзеге асырады, жоғары тұрған ұйымдарға есеп дайындайды, бас жоспарға сәйкес ауданның елді мекендерін салу ережесінің сақтауына бақылау жүргізеді. Сәулет қызметі саласында азаматтарға кеңес береді. Әділет органдарында салынған объектілердің құқығын анықтайтын құжаттарды рәсімдейді. Олардың толық пайдалануға берілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік құрылыс бойынша талдау жасайды. Конкурстық комисия төрағасының орынбасары ретінде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады. Жетекшілік етеді секторы жүргізу жөніндегі мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі. Жауап беруші үшін экономикалық жоспарлау бөлімінің.
Бөлім басшысы болмаған жағдайда функцианалдық міндеттерін атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қызметтер (көлік қызметтері), бизнес, басқару және құқық (менеджмент, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, банк және сақтандыру ісі, құқық), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина құрылысы технологиясы (түрлер бойынша), машина жасау, автоматтандыру және басқару, аспап жасау, көлік, сәулет және құрылыс, электр энергетикасы, теплоэнергетика, транпорт, транспортная техника и технологии салаларында.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.