«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бойынша бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «Е-R-4», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени объектілердің күзгі-қысқы уақытта жұмыс жасауына дайындық жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлеу. Күзгі-қысқы уақытта аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға мониторинг жүргізу.

Алдағы жылыту маусымында әлеуметтік сала объектілерін жылытуға қажет жанармай қажеттілігінің дұрыстығын тексеру және оны қажеттілігінің дұрыстығын тексерук және оны бекіту үшін аудан әкіміне ұсыну. Ауданның су шаруашылығы іс-шараларының орындалуын бақылау және ұйымдастыру. Аудан орталығымен байланыстыратын ауданішілік автобустық бағаттарды күтіп-ұстауға құқық беру бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, олардың бағыттарын және жүру кестесін бекіту.

Келесі мәселелерді жүргізеді: мобильдік байланыстың және интернеттің сапасы, елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру, қатты қалдықтар. Аудан аумағындағы жасыл көшеттердің реестрін жүргізу. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс бойынша даму бағдарламаларын әзірлеуге, жұмыс жоспарларын жасауға қатысу. Проблемалық мәселелерді шешу бойынша келісілген ұсыныстарды беру үшін басқа бөлімдердің, аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандарымен жұмыс жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі: қызметтер (көлік қызметтері); бизнес басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина құрылысы технологиясы (түрлер бойынша)); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау, автоматтандыру және басқару, жылы энергетикасы, көлік, көлік техникасы және технологиялары, сәулет және құрылыс, аспап жасау, электр энергетикасы).

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар болған жағдайда жұмыс өтілі қажет емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
  3. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Қосымша