5 тамыз күні Якорь ауылында ең маңызды әрі көптен күткен мерекелердің бірі – «Ауыл күні» аталып өтті.
Мәдениет үйінің алдындағы алаң мерекелік көңіл-күйдің, шаттық пен қуаныштың орталығына айналды.
Іс-шара барысында құттықтаулар айтылып, мазмұнды концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар «Үздік аула» байқауының қорытындылары жарияланып, қонақтарға дәмді тағамдар ұсынылды. Мереке ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың жүзін қуаныш пен шаттыққа бөледі