Қысқы кезеңде су айдындарында жоспарлы жұмыстар

Қысқы кезеңде су айдындарында жоспарлы жұмыстар
Қысқы кезеңде су айдындарында жоспарлы жұмыстар
Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту туралы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жергілікті атқарушы органдар бекітілмеген су айдындарында (резервтік қордың су айдындарында) мониторинг және мелиорациялық іс-шаралар жүргізеді.
Бұл іс-шараларға қысқы кезеңдегі аэрация жұмыстары, жағалау сызығын қоқыстардан тазарту кіреді, қажет болған жағдайда қыс алдындағы кезеңде мелиорациялық аулау бойынша шешім қабылданады.
2025 жылғы 10 ақпанда "Соколов орман шаруашылығы" КММ қызметкерлерінің күшімен және қаражатымен Лесное ауылдық округінің Усталое көлінде мелиорациялық жұмыстар (аэрация) жүргізілді.
"Соколов орман шаруашылығы" КММ орман күзетінің 15 маманы, 4 бірлік техника, 5 мотобур, су айдауға арналған сорғы жұмылдырылды.
Қамыс бауларын орнатумен 500 тесік бұрғыланды, 200 м3 су айдалды. Еріген су су айдындарына түсе бастағанға дейін судағы еріген оттегі мен аэрацияны бақылау жұмыстары жалғастырылатын болады.
«Соколов орман шаруашылығы»
КММ аңшылық жүргізушісі Брюхов С.П.