Мемлекеттік қызмет аптасы аясында, 6-10 сәуір аралығында Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырған, Вагулино ауылдық округі әкімінің аппараты ҚММ-де Вагулин орта мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысқан кәсіптік бағдарлау іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына мемлекеттік қызмет туралы, оның қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі мен маңызы туралы ақпарат берілді. Аппарат қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс ерекшеліктері, негізгі қызмет бағыттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ кәсіби өсу және мансаптық даму мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Ерекше назар қызметтік этика, жауапкершілік және қызметтік міндеттерді адал орындаудың маңыздылығы мәселелеріне аударылды. Оқушылар қызықтырған сұрақтарын, соның ішінде мемлекеттік қызметке түсу, еңбек жағдайлары және жалақы деңгейі туралы сұрақтар қоя алды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын қалыптастыруға, сондай-ақ оның беделін арттыруға ықпал етті.