
Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Вагулин ауылдық округінің мобильдік тобы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға, оның ішінде мектеп жасындағы балалар тәрбиеленетін отбасыларға барды.
Көшпелі іс-шаралар барысында тиісті актілерді ресімдей отырып, отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындармен қыс мезгілінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру-профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Мектеп жасындағы балалары бар отбасылардың ата-аналарымен қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.