Мобильді топтың жұмысы

Мобильді топтың жұмысы

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Вагулин ауылдық округі жанындағы мобильдік топ құрамында ауылдық округ әкімдігі өкілдері мен Вагулин орта мектебінің әлеуметтік педагогы бар мектеп жасындағы балалар тәрбиеленетін халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын екі отбасына барды.

Іс-шара барысында отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары зерттеліп, нәтижесінде тиісті актілер жасалды. Бұдан басқа, қыс мезгілінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, сондай-ақ оқушыларды қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналармен профилактикалық әңгімелесулер өткізілді.