2025 жылғы 28 сәуірде Светлопольск ауылдық округінің мәдени демалыс орталығында Әділет департаменті басшысының орынбасары, сот орындаушысы және нотариустың қатысуымен азаматтардың жеке қабылдаулары өткізілді. Тұрғындар өзекті құқықтық мәселелер: сот актілерін орындау, нотариаттық іс-әрекеттер және тіркеу мәселелері бойынша білікті кеңестер алды.
Мұндай көшпелі қабылдаулар заң көмегін қолжетімді етеді және жергілікті жерлерде құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.