«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Аудан әкімінің сайтындағы «Қызметі», «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есепті жария талқылау» бөлімінде "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылған. (параққа кіру үшін сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-svetlopolsk/press/article/details/197996?lang=kk ).
Жария талқылауды өткізу мерзімі: 2025 жылғы 14 наурыздан 2025 жылғы 14 сәуірге дейін.
Мүдделі тұлғалар мен округ тұрғындарына "Пікірлер" терезесінде есеп бойынша ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі.